Офтальмолог (окулист)

Офтальмолог (окулист) — көз бен көру жүйкесінің әртүрлі ауруларын диагностикалау мен емдеумен айналысатын маман. Орталықта қабылауды жоғары санатты офтальмолог-дәрігерлер жүргізеді.

90% ақпаратты біз көру талдағышы – көз арқылы қабылдаймыз

Офтальмологқа қандай жағдайларда барады

Көздің ісіп қызару және созылмалы аурулары, тұрмыстық жарақаттар, көздің жітілігінің төмендеуі тез арада офтальмологқа (окулистқа) баруды талап етеді.

Осы маманға келесі жағдайларда жүгіну қажет:

  • көзіңіздің көру қабілетінің нашарлап кеткенін байқасаңыз;
  • көзіңіздің тұсында (көз алмасында) түсініксіз ауруды сезінсеңіз;
  • көзден үнемі жас ақса, іріңді заттар мазаласа;
  • кенеттен заттарды жақыннан немесе алыстан көмескі көре бастасаңыз;
  • жарық сәулесі немесе күн жарығы қолайсыздық тудырса;
  • көз алдында «шіркейлердің» жылтылдауы, құбылмалы шеңбердің, түрлі-түсті дақтардың көрінуі мазаласа;
  • маңдай мен самайдың тұсында үйреншікті емес аурудың пайда болуы;
  • сізде көздің жарақаты болса;
  • көзіңізде бөтен дененің болуын сезсеңіз;
  • қабағыңыз қызарып, ісіп кетсе, ауырса;
  • өзіңіздің жеке көзілдірігіңізді кию кезінде жайсыздықты сезінсеңіз;
  • жүктілікті жоспарласаңыз немесе жүкті болсаңыз.

Егер шағымдарыңыз болмаса, офтальмологта профилактикалық тексеруден мезгілді өтіп тұру ұсынылады.

40 жасқа толған адамдарға жылына бір рет офтальмологқа суқараңғы және глаукоманы болдырмау үшін консультацияға бару қажет.

Бұдан өзге, көз линзасын пайдалану туралы шешім қабылдаған адамдар маманда көзді диагностикалаудан өткізу қажет.

Егер сіз өзіңізде көрудің бұзылуының қандай да бір белгілерін байқасаңыз, дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, себебі көз аурулары екпіндеп дамиды және күрделі салдарға әкеліп соғуы мүмкін, көру қабілетіңіз жоғалуы мүмкін, кейін оны қалпына келтіру қиын болады (кейде мүмкін болмайды).

Офтальмологтың қызметтері

Орталықта біз офтальмологиялық қызметтердің кең таңдауын ұсынамыз.

Көз көру ағзасының ауруларын диагностикалау үшін біз заманауи жоғары дәлдікті жабдықты пайдаланамыз. Көз көруді толық компьютерлік диагностикалаудың, тексерудің нәтижелерінің және талдаулардың көмегімен біз сіздерге көзілдірік және көз линзасын таңдап береміз.

Сондай-ақ біздің клиникада келесі қызмет түрлерін аласыздар:

  • көз жітілігін тексеру;
  • көз түбі жағдайын зерттеу – офтальмоскопия;
  • көз аумағын айқындау;
  • көзді емдеудің жеке сызбасын таңдау;
  • рефракцияны тексеру;
  • көз іші қысымын өлшеу және глаукоманы кеңейтілген диагностикалау;
  • неврологиялық тегі бар көздің көру бұзылушылығын анықтау;
  • компьютерлік аллергияны анықтау және емдеу тәсілін таңдау;
  • шағын хирургиялық операцияларды өткізу;
  • жүкті әйелдердің көз түбін қарап тексеру;

Бізде жоғары білікті мамандар, жеке әдістер мен техникалардың авторлары жұмыс істейді және олар сіздерге көру бұзушылығының себебін табуға көмектеседі, әрі емдеудің жеке сызбасын таңдап береді.

Офтальмологқа қабылдауға қалай жазылуға болады

Офтальмологқа сайттағы онлайн-нысан арқылы немесе +7 7172 57 78 23 телефонына хабарласып, жазылуға болады

eltokova-manshuk-hajlullinovna

Ельтокова Маншук Хайлуллиновна

врач-офтальмолог
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
karibaev-sayat-aralovich

Карибаев Саят Аралович

врач-офтальмолог
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
murzagalieva-yuliya-sayutovna

Мурзагалиева Юлия Саютовна

врач-офтальмолог
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
Ахметжанова Айбат Салимовна

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

27.06.2017 06:06
Жауап беру