Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай орталығымызда салтанатты жиын өтті.

26.12.2019 07:19
80264332_2870228626330160_7047740633485672448_o

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай орталығымызда салтанатты жиын өтті. Басқарма төрағасы Абай Байгенжин клиника қызметкерлерін мерекемен құттықтап, аталмыш күннің еліміз үшін маңыздылығын атап өтті.

79172163_2870229066330116_527656849940414464_o

«16 желтоқсан көк туымызды аспанда желбіреткен ерекше күн. Ата-бабаларымыз ансаған тұғыры биік мереке. Барлығымыз да, еркіндіктің қандай еңбекпен келгенін білеміз. 90-шы жылдары Отанымыздың, халықтың қандай жағдайда болғаны да бізге мәлім. Осы уақытқа дейін қол жеткізген барлық жетістігіміз тәуелсіздік алғанның арқасы. Медицина саласы да үлкен өзгерістерге ұшырады. Адамды емдеуде бұрын қолданылмаған тың тәсілдер еңгізіле бастады. Денсаулық көрсеткіші жоғарылай бастады. Осындай игі істерде дәрігерлердің де қосқан үлесі мол. Бүгін мереке қарсаңында клиникамыздың бірқатар қызметкерлеріне арнайы сыйлықтар табыс еткім келеді», — деді Абай Байгенжин.

79291598_2870229166330106_9073344856360747008_o

«Еңбек ардагері» медалімен клиникалық-диагностикалық зертхананың фельдшер-лаборанты Петрова Зинаида Ивановна;
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен клиникалық-диагностикалық зертхананың жетекшісі Козина Лариса Владимировна мен офтальмолог Мурзагалиева Юлия Саютовна;

79141158_2870229422996747_232578891464572928_o
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен кардиохирургия бөлімінің аға ординаторы Ерпашов Айдос Пернебайұлы мен балалар кардиохирургиясының аға ординаторы Нұркеев Бақытжан Абидуллаұлы;

78946815_2870229356330087_6478390465828749312_o
Денсулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен катетерлік зертхана бөлімінің жетекшісі Ахатов Абай Нұртасұлы мен HiFu терапия мен ультрадыбысты визуализация бөлімінің дәрігері Ақылова Альфия Шамильқызы;

Денсулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен аритмология бөлімінің аға медбикесі Рахимжанова Алмагүл Кәлімжанқызы мен кардиологиялық интенсивті терапия бөлімінің аға медбикесі Хриенко Светлана Алексеевна марапатталды.

78931933_2870229606330062_1530125383880409088_o

Сонымен қатар, клиниканың бірқатар дәрігерлері, бөлім жетекшілер мен қызметкерлері басқарма төрағасының Алғыс хаттарын иеленіп, «Алтын фонедоскоп» иегері атанды.

Вернуться назад