«CTO CLUB QAZAQSTAN» пен «Chest Pain Unit»

15.10.2019 12:53
71648211_2690705437615814_1689205599520161792_o

Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың негізінде «CTO CLUB QAZAQSTAN» пен «Chest Pain Unit» ашылды. Соңғысы АҚШ, Германия, Қытайда ғана бар. Ашылу салтанатына Азия кардиологтар қоғамының төрағасы Хон Юн келді.

«Қазақстанда осындай клубтардың ашылуына қуаныштымыз. Әлемдік кардиология алға басып келе жатқаны үлкен жетістік. Медицина әрдайым дамып келеді, ал біз болсақ барлық мүмкіндікті пайдалануымыз керек», – деді Хон Юн.

Қытай, Тайвань мен Сингапурден келген әріптестер қазақстандық дәрігерлерге созылмалы тұтас окклюзияның қайта тамырлануы бойынша мастер-класс (ота) көрсетіп, емдеудің тың тәсілдерімен бөлісті.

«Біз Қытай мемлекетінің моделіне сүйеніп, өзіміздің бағдарламамызды құруымыз керек. Қазақстанда жүрек аурулары көбейіп келеді. Олардың алдын-алып немесе дер кезінде сапалы көмек көрсетіп, нәтижелі ота жасап, адамның өмірін сақтап қалуымыз керек. Бұл үшін облыс, қала мен ауылдардағы дәрігерлерді оқытуымыз керек. Ол үшін тәжірибемізбен бөлісуге әрдайым дйынбыз», – деді интервенциялық кардиология бөлімінің жетекшісі Багылан Стамбол.

71798415_2690706627615695_609957477122834432_o

72645541_2690706487615709_3195464090654867456_o

72469630_2690706604282364_3685043766298673152_o

72461938_2690706674282357_3875659551676039168_o

КЕРІ ҚАЙТУ