Соматикалық бөлім
Бөлім 2001 жылдан бастап қызмет етеді, 10 палатада орналасқан 15 төсек-орынға арналған, 5 екі орындық, 6 бір орындық палатадан тұрады. Палаталар оттегін орталықтан берумен, медбикені шақыратын пульт құрылғысымен, функционалдық кереуеттермен, теледидармен, кереует алды тумбочкаларымен, үстелдермен, телефондармен жабдықталған. Әр палатада санузел мен шұңғылшамен жуынатын бөлмесі бар. Бөлім негізінде терапевтикалық бейіндегі (неврология, кардиология, пульмонология, эндокринология, гастроэнтерология, ревматология, нефрология) ауруларға диагностика және емдеу жүргізіледі. Бөлім ақылы қызметтер бойынша және сақтандыру компанияларымен шартты негізде емделуге жатқызылатын пациенттерге және жеке санатты азаматтарға жоғары арнайы медициналық көмек көрсетуге арналған.
Бөлім негізінде терапевтикалық бейіндегі (неврология, кардиология, пульмонология, эндокринология, гастроэнтерология, ревматология, нефрология) ауруларға диагностика және емдеу жүргізіледі. Бөлім ақылы қызметтер бойынша және сақтандыру компанияларымен шартты негізде емделуге жатқызылатын пациенттерге және жеке санатты азаматтарға жоғары арнайы медициналық көмек көрсетуге арналған.
Соматикалық бөлім қандай ауруларды емдеуден айналысады?
- Жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия.
- Жүрек ырғағы мен өткізгіштік бұзылыстары (диагностика, антиаритмиялық және антикоагулянттық терапияны таңдау).
- Қант диабеті, қалқанша безінің аурулары және басқа эндокриндік аурулар.
- Созылмалы гепатит, бауыр циррозы және басқа бауыр аурулары.
- Асқазан және аш ішек жарасы, созылмалы гастрит, дуоденит.
- Созылмалы панкреатит, созылмалы калькулезді емес холецистит.
- Жаралы колит.
- Ішек дисбактериозы.
- Ревматоидты артрит және дәнекер тіннің басқа жүйелік аурулары.
- ӨОСА.
- Бронх демікпесі.
- Остеохондроз, деформацияланған спондилоз, неврит.
- Жедел аллергоз, аллергиялық дерматит.
Бөлімді Айнабаева Сауле Ысқаққызы басқарады
Дәрігер – гастроэнтеролог – жоғары санатты гепатолог, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі Тамабаева Ляззат Жанбекқызы.
Екінші санатты пульмонолог Неб Ксения Борисовна.
Орта және кіші медициналық құрамды аға мейірбике Есімова Жәния Мерекеқызы басқарады
Владимир Маслиенко
С уважением и признательностью к вам, Гульмира Имадилова
Ганкина Юлия
Текст отзыва: Хочется выразить благодарность Бексултановой Гулмире Сабитовне! Гульмира Сабитовна – врач от бога! Это лучший невропотолог, мастер своего дела, компетентный и чуткий врач,! Благодарю бога, что встретила такого врача!