Республикалық клиниканың дәрігерлері Маңғыстау облысында тегін қабылдау жүргізеді

15.01.2021 06:06
Современная-медицина-поможет-справиться-с-любыми-проблемами-678x381

Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары!

Астаналық дәрігерлерден кеңес алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар

Қабылдауды «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ кардиохирургия бөлімінің дәрігерлері жүргізеді:

Кардиохирург – Оразымбетов Ерлан Жұмабайұлы

Кардиолог – Закарина Динара Маратқызы

Эхо КГ дәрігері – Нұрақаева Сәуле Серікқызы

Егер сізде:

– жүректің ишемиялық ауруы;

– ересектер мен балалардағы туа біткен және жүре пайда болған ақаулар;

– ревматикалық жүрек ақаулары;

– қолқа аневризмасы;

– кардиомиопатия (ишемиялық, дилатациялық, аритмогендік) болса;

– ұзақ уақыт бойы артериялық гипертензия;

– созылмалы жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі болса

Біз сіздерді келесі мекен-жай бойынша күтеміз:

18.01.2021, 19.01.2021 және 22.01.2021 ж. – Ақтау қаласы, «Аrchimed» медицина орталығы

20.01.2021 – Жаңаөзен қаласы

21.01.2021 – Түпқараған ауданы

Қабылдау болатын мекен-жайды +7 702 321 0021 номері арқылы білуіңізді сұраймыз

Қабылдау уақыты 9:00-ден 18:00-ге дейін

Қабылдау – тегін

Егер хирургиялық араласу немесе емдеу қажет болса, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу үшін сізді Нұр-Сұлтандағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-на жібереді.

Біздің клиниканың Қазақстан нарығында жоғары технологияларды қолдана отырып, көп салалы медициналық қызметтерді ұсынуда 19 жылдық тәжірибесі бар. Орталықтың кәсіби және ынтымағы жарасқан ұжымында 300-ге жуық дәрігер жұмыс істейді, олардың арасында медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, PhD докторлары

КЕРІ ҚАЙТУ