ҰҒМО-ның дәрігерлері Жезқазғанда тегін қабылдау жүргізеді

27.11.2020 12:30
1529407432_1ea93a45f0dde23b0bf12ca5be338aab

Республикалық клиниканың дәрігерлері Жезқазғанда тегін қабылдау жүргізеді

Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары!

Астаналық дәрігерлерден кеңес алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар

Қабылдауды «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ кардиохирургия бөлімінің дәрігерлері жүргізеді:

Кардиохирург – Елжасов Әлімжан Асылбекұлы

Балалар кардиохирургы – Мажидов Ұлықбек Әбдісаттарұлы

Эхо КГ дәрігері – Балғабекова Алгүл Мұхаметжанқызы

Егер сізде:

– жүректің ишемиялық ауруы;

– ересектер мен балалардағы туа біткен және жүре пайда болған ақаулар;

– ревматикалық жүрек ақаулары;

– қолқа аневризмасы;

– кардиомиопатия (ишемиялық, дилатациялық, аритмогендік) болса;

– ұзақ уақыт бойы артериялық гипертензия;

– созылмалы жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі болса

Біз сіздерді келесі мекен-жай бойынша күтеміз:

Жезқазған қаласы, Алашахан, 34, «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС

Қабылдау күні мен уақыты:

02.12.2020 мен 03.12.2020 аралығында, сағат 9: 00-ден 15: 00-ге дейін, алдын-ала жазылудың қажеті жоқ

Қабылдау – тегін

Егер хирургиялық араласу немесе емдеу қажет болса, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу үшін сізді Нұр-Сұлтандағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-на жібереді.

Біздің клиниканың Қазақстан нарығында жоғары технологияларды қолдана отырып, көп салалы медициналық қызметтерді ұсынуда 19 жылдық тәжірибесі бар. Орталықтың кәсіби және ынтымағы жарасқан ұжымында 300-ге жуық дәрігер жұмыс істейді, олардың арасында медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, PhD докторлары бар.

КЕРІ ҚАЙТУ