Гигрома: алып тастау немесе қалдыру

2.02.2021 06:33
1b8e31ec7aabfe66ceb301336c1de710 (1)

ГИГРОМА – бұл сұйықтық жиналған диаметрі 0,5-тен 3 см-ге дейінгі ісік

☝Гигроманы емдеудің ең ТИІМДІ әдісі – хирургиялық операция. Операция кезінде гигрома капсуласы бөлініп, құрамымен бірге толығымен жойылады. Гигроманы түбегейлі жою операциясы – гигромадан құтылудың жалғыз жолы болып есептеледі.

Емдеудің барлық консервативті әдістерінде рецидивтің қаупі өте жоғары және әдетте, проблеманың уақытша шешімі ғана болып табылады.

ЕГЕР СІЗДЕ:
➡️буынды бүгу мен жүктеме түсірген кезде шектеулер,
➡️қозғалу кезінде ауырсыну,
➡️гигроманың жедел өсуі,
➡️эстетикалық емес көрініс болса, онда гигроманы алып тастау ҰСЫНЫЛАДЫ.

Егер гирома ӨТЕ ТЕЗ ӨСІП жатса, операцияны кейінге қалдыруға болмайды, ол операция кезінде тамырлы байламдардың айналасында бүгіле бастап, үлкен түзілімді алып тастауда қиындық туғызады.

Операция анестезиямен жасалады, оның ұзақтығы шамамен жарты сағат. Тігістер операциядан 7-10 күн өткен соң алынады.
Біздің клиникада СІЗ пластикалық хирургтармен кеңес ала аласыз. Дәрігерлер Сіз үшін тиімді емдеу әдісін таңдайды

Пластикалық хирургтер:
Джиешев Жаксылық Алтайұлы
Касьянов Сергей Александрович
⏰Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма 14-тен 17 сағатқа дейін
Call-орталық: 57-74-40, 57-76-64

КЕРІ ҚАЙТУ