Колоноскопияны қашан өту қажет?

17.02.2021 09:03
3661da522a5b121f65e153b41ef2dd50

Колоноскопия тоқ ішектің шырышты қабатын, оның ішінде тік ішекті, сигмоидты ішекті, соқыр және терминальды ішекті қоса алғанда, ісіктерге күдіктенгенде немесе осы органдардан қан кеткенде, колитте, ерекше емес қабыну ауруларында (Крон ауруы, жаралы колит), тоқ ішектің дивертикулалары, сонымен қатар басқа аурулардың (аллергия, невроз) диагнозын нақтылау үшін визуалды көрінісін қосымша тексеру болып табылады.

Колоноскопия жасауға көрсеткіштер:

  • іштің кез-келген ауыруы
  • диспепсиялық бұзылыстар
  • салмақ жоғалту
  • жүрек айну және құсу
  • анемия

МАҢЫЗДЫ! Халықаралық стандарттарға сәйкес, 40 жастан асқандарға колоноскопия өтуге кеңес беріледі.

Колоноскоп арқылы диагностикалық манипуляциялардан басқа полиптер және асқазан-ішек жолдарының кейбір басқа ісіктері сәтті жойылады, бөгде заттар жойылады, ішектен қан кету тоқтатылады, ас қорыту жолдарының тарылуы (стриктуралары) кеңейеді.

Бұл зергерлік араласулар абдоминальды органдарға үлкен операцияларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Өз денсаулығыңызды ҰҒМО мамандарына тапсырыңыз!

Логвиненко Андрей Алексеевич

бөлім жетекшісі

Зарлықханұлы Ануар

дәрігер-эндоскопист

Анықтама үшін: 57-74-53, 57-74-93

КЕРІ ҚАЙТУ