ҚР Денсалық Сақтау Министрі Елжан Біртанов Астанадағы «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ жанынан салынған «Томотерпия және ядролық медицина орталығы» мен генетикалық зертхананың жұмысымен танысты

12.07.2018 05:50
DSC_7072

ҚР Денсалық Сақтау Министрі Елжан Біртанов  Астанадағы «Ұлттық  ғылыми медицина орталығы» АҚ жанынан салынған  «Томотерпия және ядролық медицина орталығы» мен генетикалық зертхананың жұмысымен танысты.  Аталмыш медициналық кешендер халыққа  осы  жылдың қараша  айынан  бастап  ресми түрде қызмет ете бастайды. Бұл жоба ҚР  Президенті Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғыру – Қазақстанның  басты бағдары» атты  Қазақстан  халқына Жолдауы аясында іс жүзеге асты.

Инновациялық  технологиялармен жабдықталған  ғимаратта обыр  ауруына  шалдыққан науқастарға  халықаралық деңгейдегі жаңа үлгіде қызмет түрі көрсетілмек.  Демек,  бұдан былай  ересектер  мен балалар дертіне  дауа іздеп шекара асып, шетелге сабылмайды. Ем кешенді сәулелі терапия арқылы жүргізіледі.

Онкологиялық орталықта қызмет көрсететін (радиологтар, медицина физиктері, операторлар)  мамандар Үндістандағы Дели қаласының көпсалалы «Mеdanta – TheMedicity» клиникасында,  сонымен бірге, АҚШ, Еуропа елдерінде арнайы курстардан дәріс  алып жатыр.

Сонымен бірге, Министр  жаңадан салынған   «Генетикалық зертхананың»  тыныс-тіршілігімен танысты.

Бұл жоба  Қазақстан мен Қытай арасындағы   «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында  жүзеге асырылды.

Ғылыми, молекулярлы-генетикалық зертхананың басты мақсаты  ДНҚ чиптеріне ғылыми-зерттеу   әдістерін енгізіп, 1000-ға жуық функционалды маңызы бар гендерді талдауға және кариотипирлеу стандарттарын анықтауға болады. Нәтижесінде  тұқым қуалап келген 250-ден астам кеселге тосқауыл қоюға мүмкіндік болады.

КЕРІ ҚАЙТУ