ҰҒМО ғалымдары әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері атанды

9.12.2020 06:43
c8149690277022c9e6dea8e3d760ae8e

Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық – бұл ғалымдар мен техниктердің қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегінің ең жоғары танылуы.

«Инновациялық жасушалық технологияларды әзірлеу және клиникалық медицинаға енгізу» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының кандидаты Абай Қабатайұлы Байгенжин;

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының Жасушалар технологиясы мен транспланттау орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Манарбек Бапұлы Асқаров;

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының атқарушы директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Мақсат Әскерұлы  Жантұрғанов;

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының бірінші орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Еңлік Әбдікәрімқызы Қадырова;

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының медициналық қызмет және ғылым жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Темірлан Сібірұлы Кәрібеков;

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының атқарушы директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Болат Ғаббасұлы Көпенов;

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты Самат Сағатұлы Сапарбаев бар.

Жасушалық технологиялар және трансплантация орталығы – бұл бүкіл Орталық Азиядағы дің жасушалары саласында зерттеулер жүргізетін және жасушалық технологиялар көмегімен науқастарды емдейтін жалғыз ғылыми-практикалық бөлім. Бірқатар күрделі ауруларды емдейді.

Орталық қызметкерлері бауыр жеткіліксіздігі, бауыр циррозы, қант диабеті, әртүрлі нефропатиялар мен бүйрек жеткіліксіздігін емдеу үшін, қалқанша безі қызметінің жеткіліксіздігі,   Альцгеймер ауруы, Паркинсон ауруы, жұлын жарақаттарын қалпына келтіру кезеңінде, инсульттан кейінгі жағдайларда, әр түрлі кардиомиопатиялармен, ұзақ уақыт емделмейтін трофикалық жаралармен, жүйелік склеродермиямен, ЖҚА кезінде гепатоциттер, ұйқы безі жасушалары, қалқанша без жасушалары, хондроциттер, нейроциттер, медиаторлар, нейромедаторлар, фибробластар, бүйрек жасушаларын трансплантациялауды жүзеге асырады.

КЕРІ ҚАЙТУ