Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының басты міндеті – денсаулық сақтау мамандарына қойылатын талаптардың үнемі жақсарып, жоғарылауын ескере отырып, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау қызметін ұсыну; кәсіби білім, білік және дағдыларды тереңдету; еңбек нарығы құрылымының өзгеруіне байланысты қосымша құзыреттіліктер алу арқылы кәсіби мүмкіндіктерді кеңейту.
Денсаулық сақтау мамандарына қосымша және бейресми білім беру және қосымша және бейресми білім беру нәтижесінде алынған оқыту нәтижелерін тану ережелері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 221-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау мамандарына қосымша және бейресми білім беру бағдарламаларын іске асыру және қосымша және бейресми білім беру нәтижесінде алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін анықтайды.
Кадрлардың біліктілігін арттыру – бұл бұрын алынған кәсіптік білім, білік және дағдыларды сақтауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру түрі. Оқытуды жоғары білікті оқытушылар құрамы жүргізеді. Біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға арналған қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – бұл кәсіби білім, білік және дағдыларды сақтау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сонымен қатар жаңа білімді игеру мақсатында денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқу процесі ( қосымша) құзыреттілік.
Сертификаттау курсы – бұл негізгі мамандық шеңберінде арнайы мамандық бойынша қосымша кәсіби білім, білік және дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру түрі.
Сертификаттау курсының сертификаты маман меңгерген білім мен дағдылардың тізбесін қамтитын қосымшамен (транскрипт) беріледі.
Бейресми білім беру – оқыту нәтижелерін растайтын құжат бере отырып, оқу орны, уақыты мен формасын ескермей білім беру қызметін ұсынады. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың бейресми білімі: практика, семинарлар, тренингтер, мастер-кластар, вебинарлар, онлайн курстар түрінде жүзеге асырылады.
Оқытуды «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ жоғары білікті клиникалық және ғылыми қызметкерлері мамандандырылған клиникалық бөлімшелер базасында өткізеді.
Цикл үшін құжаттар тізімі:
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Дипломның көшірмесі (тегін ауыстырған жағдайда неке туралы куәлік)
- Соңғы мамандандырудың көшірмесі, қайта даярлау немесе тағылымдамадан өткендігі туралы куәлік
- Маман сертификатының көшірмесі
- Цикл бағыты бойынша жұмыс орнынан тапсырыс (ұйым оқу ақысын төлеген жағдайда)
- Еңбек кітапшасының көшірмесі (уақытша жұмыссыздарға қажет емес)
- Санитарлық кітап (жұмысқа рұқсат)
- ПТР талдауының нәтижесі (циклдың басталуына қарай)
Барлық сұрақтар бойынша, оның ішінде оқу ақысы бойынша мына телефондарға хабарласыңыздар
8 (7172) 577839 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
87015127500 – Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының басшысы – Досатаева Гульмира Сабитовна
87016258948 – Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының аға әдіскері Абдыкулова Бакытжамал Сабитовна
Құжаттарды қабылдау: Нұр-Сұлтан, Абылай хан даңғылы, 42 мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады
Циклге жазылу өтініштер қабылданған кезде, құжаттар тізім бойынша қабылданған кезде және оқуға ақы төлеу туралы келісімшарт жасалған кезде жүзеге асырылады. Оқу циклдерін аяқтағаннан кейін мемлекеттік үлгідегі куәліктер мен сертификаттар беріледі.
Резидентура — клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны.
Резидентураның білім беру бағдарламасы оқытудың клиникалық бағыттылығын және тиісті мамандық бойынша тереңдетілген мамандандырылған даярлықты қамтиды. Резидентураның білім беру бағдарламасын игеруге ниетті тұлғалардың білімінің алдыңғы деңгейі – базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы. ҚР ДСМ-нің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген Резидентураның клиникалық мамандықтары тізіміне және МЖМБС-2009, Резидентураға сәйкес «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-да мамандарды даярлау 7 клиникалық мамандық бойынша жүргізіледі.
Азаматтарды резидентураға қабылдау тәртібі Резидентураға қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес орнатылады. Резидентураның білім беру бағдарламасын игеру ұзақтығы мамандыққа және алдыңғы дайындығына байланысты 2 жылдан 4 жылға дейінгі аралықты құрайды.
10.01.2011 жылғы №0137483 жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру мемлекеттік лицензиясына сәйкес «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ 2016-2017 оқу жылына ақылы (шарттық) негізде келесі мамандықтар бойынша қабылдауды хабарлайды:
6R112600 Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар – 3 жыл
6R110300 Кардиология, оның ішінде балалар – 3 жыл
6R110100 Терапия – 2 жыл
6R112800 Кардиохирургия, оның ішінде балалар – 4 жыл
6R112700 Жалпы хирургия – 3 жыл
6R113600 Урология және андрология, оның ішінде балалар – 3 жыл
6R111500 Невропатология, оның ішінде балалар – 2 жыл
Сондай-ақ 2016-2017 оқу жылына резидентураға келесі мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдайды:
6R112600 Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар – 3 жыл
6R110300 Кардиология, оның ішінде балалар – 3 жыл
Резидентураға түсетін азаматтар келесі құжаттарды тапсырады:
1) Орнатылған үлгі бойынша ұйым басшысының атына өтініш ;
2) Дипломның нотариалды расталған көшірмесі және дипломға қосымша;
3) интернатурадан өту туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
4) кадр есебі бойынша суретпен қоса жеке парағы;
5) Еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі (бар болған жағдайда);
6) 3х4 көлеміндегі алты сурет;
7) 086-У нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
8) жеке куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
9) Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда);
10) Ұйым басшысының қолы қойылатын мінездеме;
11) Өмірбаян (қолдан жазылуы керек);
12) Әскери билеттің немесе тіркелу куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі (жігіттер үшін);
13) Файл папкасы (1дана). Осы пунктте көрсетілген құжаттардың көшірмесімен қоса салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырудан кейін түпнұсқалары қайтарылады.
ЖОО-ның магистратурасына, докторантурасына, әскери оқу орындарының адъюнктурасына, ЖОО-ның және ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау 10-30 шілде аралығында жүргізіледі.
- Жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасына азаматтарды қабылдау конкурстық негізде қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
- Резидентурағы түсушілер шет тілінің бірінен және арнайы пән бойынша ЖОО-ның түлектеріне арналған белгіленген бағдарламаның көлемінде тест нысанында өткізіледі, арнайы пән бойынша емтихан жоғары білім бағдарламаларының көлемінде ауызша нысанда жүргізіледі.
- Резидентураға қабылдау емтихандары 1 тамыздан бастап 20 тамызға дейінгі аралықта өткізіледі, оқуға қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.
- Резидентурада оқыту күндізгі нысан бойынша жүзеге асырылады.
- Резидентурадағы оқу мерзімі дәрігердің еңбек өтіліне және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі.
- Сабақ 1 қыркүйектен басталады. Құжаттарды мына мекенжай бойынша қабылдайды :
050004, Нұр-Сұлтан қ., Абылай-хан даңғылы 42, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ — Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы, тел.: + 7172577839
6R112600 –«Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балардың» мамандығы бойынша резидентураға түсу үшін сұрақтар тізімі
- Анестезиологияғылым ретінде. Анықтамасы, негізгі мақсаттары мен міндеттері.
2.Реаниматологияғылым ретінде. Анықтамасы, негізгі мақсаттары мен міндеттері.
- Қазақстанда анестезиологиялық және реанимациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
- Терминалдық ахуалдар. Өлу себептері мен түрлері. Қан айналымының тоқтау механизмдері. Дем алу және қан айналу тоқтаған кезде дамитын патофизиологиялық өзгерістер.
- Клиникалық және биологиялық өлімнің диагностикалық критерийлері.
- ЖӨР-не көрсетімдер және қарсы көрсетімдер. Реанимациялық шаралар ұзақтығының және тоқтатылуының өлшемдері.
- Реанимациялық шаралардың реттілігі. П. Сафар бойынша ЖӨР фазалары мен кезеңдері. Базалық және кеңейтілген ЖӨР.
- Тыныс алу жолдары өтімділігін қалпына келтіру әдістері. Тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіруге арналған құрылғылар мен аспаптар.
- ЖӨР кезінде өкпені жасанды желдету. Әдістері.
- Жүрекке жабық массаж. Орындалу техникасы. ЖЖМ кезінде қан айналымын патофизиологиясы.
- Жүрекке ашық массаж. Көрсетілімі, орындау техникасы.
- ӨЖР кезінде қолданылатын дәрілердің клиникалық фармакологиясы. ӨЖР кезінде дәрілік құралдарды енгізу жолдары.
- Дефибрилляция. Дефибрилляцияның заманауи қағидалары.
- Қарыншалардың бүлкілдеуі кезінде кеңейтілген ЖӨР алгоритмдері.
- Жүрек тоқтауы және электрлі-механикалық диссоциация кезінде кеңейтілген ЖӨР алгоритмі.
- Гемодинамикалық тиімсіз ырғақтар. ЭКГ-диагностика. Әдіс.
- Жаңа туылған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың реанимациясы.
- Ауруды және оның компоненттерін айқындау. Ауыруға сезімталдықты қалыптастыру және өткізу жолдары. Ағза қызметтеріне ауырудың әсері. Ауыру синдромдарының жіктемесі.
- Ауырсыну импульсацияларын оқшаулаудың мүмкін жолдары. Жансыздандыру және ота жасау кезіндегі нейро-эндокриндік және метаболиттік өзгерістер.
- Жалпы анестезия. Анықтамасы. Наркоз теориялары.
- Науқасты жалпы анестезияға даярлау. Анестезия қаупінің деңгейі.
- Премедикация: мақсаты, қызметі, нұсқалары, препараттары.
- Мононаркозжәне көп компонентті анестезия: артықшылықтары және кемшіліктері. Анестезиологиялық құрал компоненттері. Наркоз клиникасы және сатылары. Жалпы анестезия кезеңдері.
- Тұтас көктамыр ішілік анестезия. Көктамыр ішілік анестезияға арналған құралдар. Гиптониктердің клиникалық фармакологиясы (натрий тиопенталы, пропофол, кетамин, ГОМК)
- Трахеостомияжәнекрикотиреотомия: көрсетілімі, орындау техникасы, күтімі.
- Жергілікті жансыздандыру. Көрсетілімі және қарсы көрсетілімі. Жергілікті анестезия. Көрсетілімі және қарсы көрсетілімі. Жергілікті анестетиктер: әрекет ету механизмі, жіктемесі, клиникалық фармакология (новокаин, лидокаин, бупивакаин, ропивакаин). Жергілікті анестезияны жүргізуге дайындық.
- Су теңгерімінің клиникалық физиологиясы. Адам ағзасындағы судың саны және бөлінуі. Су секторлары туралы түсінік. Ағзада суды және электролиттерін сақтау тұрақтылығын реттеу. Ағзадағы қышқылдар мен негіздердің шығуы. Олардың құрамының тұрақтылығына бақылау жасаудың физиологиялық механизмдері.
- Осмотичность, осмолярность және онкотичность ұғымы.Су секторларының электролиттік құрамы. Ағза қажеттілігі және су секторларының электролиттік құрамының тұрақтылығын сақтау физиологиясы (К, Na, Cl, HCO3, Ca, Mg). Гэмбл диаграммасы.
- Дисгидриялар. Этиологиясы, патогенезі, өтеумеханизмдері, клиникалық көрінісі, зертханалық белгілері және түзету стратегиясы.
- Қан айналымды реттеу. Жүрек шығарылымы. Гемодинамикалық мониторингтің инвазиялық және инвазиялық емес әдістері.
- «Есңгіреу» (шок) ұғымының анықтамасы. Геодинамикалық профильдер негізінде шоктың заманауи патогенетикалық жіктемесі. Жіті қанайналымдық жеткіліксіздік кезінде дамитын типтік патофизиологиялық өзгерістер.
- Геморрагиялық шок: диагностика, қан жоғалту көлемін айқындау әдістері, қарқынды терапия. Жіті қан мөлшерінің азаю себептері мен диагностикасы.
- ҚАК (қан айналымының көлемі) толықтыру қағидалары. Қан алмастырғыш жіктемесі. Қан препараттары: көрсетілімдері, асқынулары.
- Анафилаксиялықшок: диагностика, қарқынды терапия, профилактика.
- Жіті экзогендік улану терапиясының жалпы қағидалары. Шұғыл шаралар. Экзогендік уланулардың симптоматикалық терапиясы. Ағзаны уытсыздандыру әдістерінің жіктемесі. Спецификалықуытсыздандыру.
- Жіті ес бұзулардың жіктемесі. Глазгоның кома шкаласы. Коматозды күйлердің дифференциалды диагностикасы.
- Коматозды күйдегі науқастарға шұғыл жәрдем көрсетудің жалпы қағидалары. Мидің өлімі. Диагноз қою хаттамасы.
- Жіті тыныс алу жетіспеушілігі (ЖТЖ) анықтамасы және өлшемдері. Патогенетикалық жіктемесі. ЖТЖ дифференциалдық диагностикасы. ЖТЖ түрлері мен сатылары.
- Тыныс алудың жіті бұзылуының қарқынды терапиясы. Тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру әдістері.
- Бактерияға қарсы және саңырауқұлаққа қарсы терапия. Микробиологиялық мониторинг. Бактерияға және саңырауқұлаққа қарсы құралдар. Бакетрияға қарсы терапияның асқынулары. Госпитальдық инфекцияларды алдын алу.
- Өкпені жасанды желдету. Негізгі міндеттері.
- Ауыр пневмоторакстың клиникалық белгілері. Шұғыл жәрдем
- Гипертермиялық синдромды емдеу.
- Қан кету түрлері. Қан кетуді тоқтату тәсілдері. Шұғыл көмек.
- Педиатриядағы шекті межедегі ахуалы. Гипертермиялық синдром. Діріл синдромы. Жалпы салқын тию. Суға кету. Электр жарақат. Инфекциялық токсикоз.
- Қант диабеті кезіндегі кома түрлері. Клиника, диагностика, шұғыл жәрдем.
- Жіті миакардинфарктісі. Клиника, диагностика, қарқынды терапия қағидалары.
- Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік. Клиника, диагностика, шұғыл терапия.
- Жіті оң қарыншалық жетіспеушілік. Клиника, диагностика, шұғыл жәрдем.
- Күйіктер. Жіктемесі, шұғыл терапия қағидалары.
- Сұйықтықпен емдеу. Сұйықтықпен емдеу жүргізуге арналған көрсетімдер. Кристаллоидты ерітінділер. Коллоидты ерітінділер. Заманауи теңдестірілген инфузиялық терапия тұжырымдамасы. Инфузиялық терапия асқынулары. Заманауи инфузиялық терапия тұжырымдамасы.
- Трансфузиология. Қан компоненттерін трансфузиялау үшін көрсетімдер. Қан компоненттері және оларды даярлау ережелері. Қан топтарын және резус факторларды айқындау. Гемотрансфузияның асқынуы.
- Тыныстық қолдау және терапия. Реаниматологиядағы тыныстық қолдауға арналған көрсетімдер. ӨЖЖ әдістері мен режимдері. Инвазиялық емес ӨЖЖ. Тыныстық терапия әдістері. Тыныстық терапия әдістері.
- Тыныстық қолдау және терапия. Реаниматологиядағы тыныстық қолдау үшін көрсетімдер. ӨЖЖ әдістері мен режимдері. Инвазиялық ӨЖЖ. Инвазиялық емес ӨЖЖ. Тыныстық терапия әдістері.
- Уытсыздандыру әдістері. Ағзаның табиғи уытсыздандыру әдістері. Уытсыздандырудың сіңіру әдістері. Уытсыздандырудың сүзу әдістері. Уытсыздандырудыңаферезді әдістері. ЖБЖ және СБЖ кезіндегі гемодиализ.
- Анестезия кезіндегі мониторинг. Түсінігі. Мониторинг әдістері.
- Анестезиология және реаниматологиядағы зертханалық мониторинг. Міндеттері.
- Өкпенің жіті зақымдануы және жіті тыныстық дистресс синдромы. Жоғары тыныс жолдарының бөтен денелері.
- Анестезиологиядағы клиникалық мониторинг.
- Су теңгерімінің клиникалық физиологиясы. Адам ағзасындағы судың саны және бөлінуі. Су секторлары туралы түсінік. Ағзада суды және электролиттерін сақтау тұрақтылығын реттеу. Ағзадағы қышқылдар мен негіздердің шығуы. Олардың құрамының тұрақтылығына бақылау жасаудың физиологиялық механизмдері.
Прейскурант на год обучения в резидентуре
Лицензии:
- Приложение к государственной лицензии – Кардиохирургия
- Свидетельство институциональной аккредитации – на казахском
- Свидетельство институциональной аккредитации – английская версия
- Свидетельство институциональной аккредитации – русская версия
- Государственная лицензия послевузовского образования
- Приложение к государственной лицензии (Общая хирургия, терапия, невропатология, анестезиология и реаниматология, кардиология, урология и андрология)
Андрология и репродуктивная медицина. Мужское бесплодие. Сексопатология