«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ резидентураға түсу үшін алдын ала іріктеу жүргізеді

25.02.2019 08:49

Комиссия хатшысына төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:
1) ұйым басшысы атына өтініш (1-қосымша);
2) интернатурада оқитынын растайтын анықтама (интернатурада оқитындар үшін) немесе интернатураны аяқтағаны туралы куәлік (интернатураны аяқтағандар үшін);
3) жекебасты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) еркін нысандағы түйіндеме;
5) мамандықты таңдау туралы эссе. Эссені үміткер өзбетінше еркін үлгіде қазақ немесе орыс тілдерінде жазады (А4 пішіміндегі 2 парақтан көп болмауы тиіс);
6) ұсыным хат (болған жағдайда);
7) шетел тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда);
– TOEFL ITP– кемінде 460 балл
– TOEFL IBT– кемінде 87
– TOEFL – кемінде 560 балл
– IELTS – кемінде 5.5
8) сауалнама (құжаттарды қабылдау кезінде толтырылады)

☝️Алдын ала іріктеу құжаттары үміткерлермен әңгімелесу басталғанға дейін қабылданады. Құжаттар тізім бойынша толық тапсырылмаған жағдайда үміткердің өтініші қарастырылмайды.

📝Құжаттар 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап 31 наурызына дейін сағат 15.00-ден 16.30-ға дейін, күн сайын, сенбі, жексенбіден басқа күндері қабылданады.

📞Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуларыңызға болады: 87172-577-839.

КЕРІ ҚАЙТУ