Сүйіндік Бөпежанұлы туралы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі сақталады!

2.09.2020 12:40
Безымянный

1 қыркүйек күні ұзаққа созылған Covid-19  салдарынан, біздің орталықтың керемет дәрігері, HiFu -терапиясы және ультрадыбыстық визуализация бөлімінің меңгерушісі, минималды инвазивті және инвазивті емес медицина халықаралық қауымдастығының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Иманқұлов Сүйіндік Бөпежанұлы өмірден өтті.

Ол өмірінің 30 жылдан астамын медицинаға арнады. Көптеген ғылыми жарияланымдардың және оқу-әдістемелік құралдардың авторы, Санофи тағайындаған медицина бойынша Гран-при иегері және Финляндияның Ұлттық ғылыми медициналық орталығы сыйлығының иегері.

Дәрігер соңғы күнге дейін өз кәсібіне адал болды және коронавирустық инфекциясы бар науқастар емдеу мен диагностикаға мұқтаж болған кезде шетте қала алмады.

Әріптестері оны мейірімділігі мен кәсіби шеберлігі үшін құрметтеді.

Клиника ұжымы марқұмның отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Сүйіндік Бөпежанұлы туралы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі сақталады!

КЕРІ ҚАЙТУ