Бүгін – Дүниежүзілік жүрек күні

29.09.2020 11:53
120429888_3631546070198408_2552672151466027722_o

Біздің орталықта жүрек-қан тамырлары ауруларын емдейтін 5 бөлім бар. Олардың әрқайсысында жеткілікті жұмыс тәжірибесі және жоғары кәсіби даярлығы бар дәрігерлер жұмыс істейді.

2019 жылы клиника 7500-ге жуық кардиохирургиялық операция жасалды, оның ішінде:

– кардиохирургияда – 1727;

– аритмологияда – 2045;

–  №1 және  №2 интервенциялық кардиологияда – 3025;

– балалар кардиохирургиясында – 700.

Орталықтың емханасында кардиологтар:

Балағазина Ғалия Сәметқызы мен Әубәкірова Гүлмира Асқарқызы қабылдау жүргізеді.

Сонымен қатар, сізге ота жасайтын дәрігерлердің де кеңесің ала аласыз.

Толық ақпаратты 8-7172-57-74-40, 57-76-64 телефондары бойынша тіркеуден алуға болады.

Қазіргі уақытта жүрек-қан тамырлары аурулары әлемдегі өлім мен мүгедектіктің басты себебі болып табылады: олар жыл сайын 17 миллионнан астам адамның өмірін жалмады. Жүрек аурулары мен инсульттің қауіпті факторларына жоғары қан қысымы, холестерин мен қандағы глюкозаның деңгейі, темекі шегу, жемістер мен көкөністерді жеткіліксіз қабылдау, артық салмақ пен семіздік жатады.

Дүниежүзілік жүрек федерациясының мәліметтері бойынша, инфаркт пен инсульттан мезгілсіз өлімнің алдын-алудың 80% -н салауатты өмір салтын ұстану, темекі тартуды, тамақтану мен физикалық белсенділікті бақылау арқылы болдырмауға болады.

КЕРІ ҚАЙТУ