«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ дәрігерлері алғаш рет асқазанға күрделі ота жасады

Күйіктен кейін Қостанай облысының тұрғыны бір жылға жуық уақыт тамақтана алмады. Осы уақыт ішінде Павел Полищук 20 келіден артық салмақ тастады. Орталық хирургтері зергерлік жұмысты іс жүзінде нөлден бастап, науқастың өңешін қайта қалпына келтірді. Ота бес сағатқа созылды.
Әдетте жаңа өңеш асқазаннан жасайды, бірақ Павелмен болған жағдай ерекше болды. Жараның салдарынан бірнеше жыл бұрын науқас мүшесінің бір бөлігі алынып тасталған болатын.
Бірнеше күн бұрын науқас ауруханадан шығып, отбасына оралды.
Отаны жалпы және кеуде хирургиясы бөлімінің жетекшісі Әбдікәрімов Ануар Маратұлы бастаған хирургтар тобы Ілиясов Нұрбек Қасымұлы, Сабербеков Сәкен Оразбайұлы, анестезиолог Смайылов Мұрат Болатұлы жасады.