Аритмолог

Аритмолог — бұл кардиолог-дәрігер, ол жүрек ырғағының бұзылуын (аритмия) диагностикалау мен емдеумен, алдын алумен айналысады. Біздің Орталықта белсенді ғылыми және практикалық қызмет жүргізетін жоғары білікті аритмологтар қызмет етеді.

Аритмологқа қандай белгілермен барады

  • артық немесе керісінше жіберіп алған жүрек қысқарулары;
  • тым жылдам немесе тым баяу жүрек соғысы;
  • әлсіздікті, жылдам шаршауды, ентігуді сезіну – аритмологқа тез арада бару керек;
  • әлсіздік пен шаршауда, жоғары ашуланшақтық, терінің бозаруынан байқалады
  • жүрек тұсындағы сыздаулар
  • температураның өзгеруіне шалдыққыштың артуы

Бізде аритмологтың мынадай қызметтерін аласыздар:

  • дәрігердің консультациясы;
  • кардиограмма түсіру;
  • тәуліктік ЭКГ-мониторинг
  • эхокардиограмма

Аритмологқа қабылдау қалай жүргізіледі

Аритмологқа қабылдау:

  • анамнезді жинауды;
  • тексеруді;
  • зерттеу нәтижелерін зерделеуді;
  • диагноз қоюды;
  • емдеудің жеке бағдарламасын әзірлеуді қамтиды.

Сіз қойылған диагноз және белгіленген емдеу бойынша толық түсіндіру аласыз. Тексеру нәтижелері бойынша маман қосымша зерттеулер өткізуді белгілеуі мүмкін. Сондай-ақ дәрігер тамақтануды қалыпқа келтіруге және өмір сүру салтын өзгертуге қатысты ұсыныстар береді және жеке емдеу диетасын таңдап береді (егер оған қажеттілік болса).

Аритмолог қандай ауруларды емдейді

  • гипертонияны
  • қос жармалы қақпақшаның түсіп кетуін
  • жүрек жеткіліксіздігін
  • ишемияны.

Аритмологқа қабылдауға қалай жазылуға болады

Аритмологқа қабылдауға сайттағы онлайн-нысан арқылы немесе  +7 7172 57 78 23 телефонына хабарласу арқылы жазылуға болады

kabaev

Қабаев Ұлан Теміржанұлы

бөлім жетекшісі
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
saduev-kuandyk-erikovich

Садуев Қуандық Ерікұлы

дәрігер-рентген хирургы
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
Жумағалиевтар әулеті, Атырау қаласы.  

Қайырлы күн, жақсы адамдарым! Мен бүгін өзімнің және туғандарымның атынан мың мәрте алғысымызды және шексіз қуанышымызбен бөліспекпіз. Біз Атыраудан 30.06.21ж. арнайы квотамен “Ұлттық ғылыми медициналық орталык”қа Қымбат Жумағалиева сіңлімді емдеуге алып келдік. Жүрегімде ертеңгі күнге қоркынышпен үміт аралас арпалысып жатты. Атыраудан  Нур-Султанға келуіміздің өзі ертегідей болды… Атырауға бір топ кардиолог орталықтан келіп, тегін адамдарды қарап, квота алуға жолдама беріп келетін күнін белгілеп берді. Бізді білікті дәрігер аритмолог Анар қабылдады. Анар дәрігердің білімдігімен біліктілігіне және өте қарапайым мәдениеттілігіне риза болып, алғысымызды айтып қала бердік. Содан Нур-Султанға 30 маусымда келіп, тексерілуді бастадық. 9 шілде 2021жылы Кардиохирургия бөлімінде кардиохирург Владимир Николаевич бастаған бір топ дәрігер 10 сағат ота жасап сіңлімді өмірге қайта әкелді. Бірақ… Жүрек өз жұмысын мүлтіксіз жасау үшін тағы ота жасау керек болды. Аритмология бөлім меңгерушісі Кабаев У.Т., емдеуші дәрігер Жумабековна Анар бастап, бір топ дәрігер тағы да Қымбат сіңліме ота жасады. Ота сәтті өтті. Дәрігерлер өліммен өмір үшін аянбай күресіп, бауырымды өмірге қайта әкелді. Ұлттық ғылыми медициналық орталыктың осындай керемет Алтын қолды білікті дәрігерлеріне шексіз алғысымызды,  РАҚМЕТІМІЗДІ айтамыз. Өмірлері ұзақ, денсаулықтары мықты болсын, жанұяларымен бақытты болып, адамдардың алғысына бөленіп, 💯 жасаңдар демекпіз.

26.07.2021 06:01
Жауап беру
Снисаренко Татьяна Петровна

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

29.12.2020 13:24
Жауап беру
Роза Алабаева

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

12.11.2020 05:12
Жауап беру
Айгерим Абишева

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

31.01.2017 05:35
Жауап беру