Кардиология

Кардиолог – бұл жүрек пен жүрек қан тамыры ауруларын диагностикалау мен емдеумен айналысатын дәрігер. Орталықта сіздер Астананың үздік кардиологтарының көмегін пайдалана аласыздар.

Заманауи мегаполистегі өмір күйзелістің үздіксіз көзі болып табылады. Компьютердің алдындағы жұмыс, нашар экология, шылым шегу және ішімдік ішу – жүрек және қан тамырлары проблемаларына алып келеді. Егер бұрында жүрек ауруы қартайған жастағы адамдарда ғана кездессе, қазіргі күні кардиологқа жастар жиірек келеді. ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын жүрек-қан тамырлары ауруынан 17 миллионнан астам адам көз жұмады.

Кардиологқа қандай белгілермен жүгіну қажет

  • Демікпе;
  • Физикалық күштен кейін кеуде тұсындағы, жүрек жанындағы ауыру;
  • Жоғары терлегіштік;
  • Әлсіздік;
  • Талып қалу және бас айналу;
  • Аяқтардың ісуі;
  • Жүрек қағысы;
  • Артериялық қысымның қатты айырмасы;

Сондай-ақ, Сізге дәрігерге жүгіну қажет, егер:

  • Сізде гипертониялық күрт асқыну болса;
  • Сізде ревматизм, гипертониялық ауру немесе қант диабеті анықталған болса;
  • Сіз жүктілікті жоспарлап жүрген болсаңыз.

Жүрек аурулары баяу дамиды, қажетті шараларды қолдану үшін аурудың алғашқы кезеңін уақытында айқындап алу маңызды. Сіз біздің Орталықтағы кардиологқа жазыла аласыз және тәжірибелі дәрігерлер уақтылы көмек көрсетеді.

Орталықта жүрек ауруларының алдын алу және емдеу бойынша қандай қызметтер көрсетіледі. Орталықта жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістерін пайдаланады. Сіз келесі қызметтерді пайдалана аласыз.

Кардиологтың консультациясы — жүрек-қан тамырлары ауруының даму тәуекелін азайтуға және дәрі-дәрмекпен емдеу мен салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар алуға көмектеседі.

  • Соңғы буындағы жабдықтарды пайдаланумен жүрек және тамыр ауруларын диагностикалау – ауруларды бастапқы кезеңінде айқындауға мүмкіндік береді.
  • Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар аурулардың қайталануынан құтылуға көмектеседі.

Кардиологқа қабылдау немесе консультация қалай жүргізіледі

Қабылдауда кардиолог сізбен әңгімелеседі, шағымдарыңызды тыңдайды, сізді аурудың алғашқы белгілері қашаннан бастап мазалап келе жатқанын, оның қарқынын анықтайды. Дәрігер сізді қызықтыратын барлық сұрақтарыңызға жауап береді, артериялық қысымыңызды өлшейді және физикалдық тексеру жүргізеді.

Қажет болған жағдайда, кардиолог-дәрігер қосымша тексеріп қарауды белгілейді және салауатты өмір салты және диеталық тамақтану бойынша ұсыныстар береді.

Дәрігер соңғы диагнозды зерттеудің нәтижелері бойынша қояды. Ол сізге емдеудің дербес схемасын таңдайды.

Дұрыс таңдалған терапия пациенттердің жағдайын жеңілдетеді және өмір сапасын жақсартады.

Кардиолог қандай ауруларды емдейді

  • Артериалық қысымның артуын және төмендеуін;
  • Жүрек соғуының ырғақсыздығын;
  • Гипертониялық ауруды;
  • ЖИА (жүректің ишемиялық ауруын).
  • Кардиосклерозды;
  • Атеросклерозды;
  • Кардиалгияны;
  • Нейроциркуляциялық дистонияны (ВСД);
  • Жүрек ақауын;
  • Жүрек және қан тамыры жеткіліксіздігі;
  • Жүрек қыспасын;
  • Тамырлы кризды;
  • Эндокардитті;
  • Қанайналымның жеткіліксіздігі.
  • Миокард инфаркты.

Кардиолог емдейтін кең таралған аурулар: артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфаркты.

Егде және кәрілік жастағы тұлғалардың 50%-дан астамы артериялық гипертензиядан зардап шегеді. Қысымның артуы өте қауіпті, ол ағзаның жұмысына неативті ықпал жасайды.

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА). Пайда болу себебі – қанмен жеткізілетін оттегі мен ондағы жүрек бұлшықетінің қажеттілігі арасындағы сәйкессіздік. Ишемияның пайда болу себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бұл коронарлық күретамырдың атеросклероздың дамуы арқылы жеткілікті жиі болады. Қан жүретін арнадағы холестериннің артық мөлшері қан тамырларының саңылауын азайта отырып, атеросклеротиялық «түйіндіктер» түрінде қан тамырлардың қабырғасында кешіктіріледі.

Егер уақтылы ЖИА-ны анықтамаса және емдемесе, миокард инфаркты туындауы мүмкін. Бұл ретте жүрек бұлшықеті аумағының жансыздануы болады. Оның орнында дәнекер тыртық пайда болады. Бұл жүрек бұлшықетінің аумағы жиырылмайды, демек жүректің жұмысына қатыспайды. Бұл жүрек жұмысының тиімділігін төмендетеді. Миокардтың асқынған инфаркты қарттардың да, жастардың да өліміне себеп болады. Жүрек тұсында сол қолға, иыққа берілетін қатты ауыру байқалады.

Осындай белгілерді елемеуге болмайды, олардың кез келгенінің пайда болған жағдайында шұғыл кардиологқа жазылу керек.

Емдеудің қандай әдістері пайдаланылады

Орталықта жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларын емдеудің заманауи әдістері пайдаланылады. Емдеу кестесі дербес таңдалады және пациенттің жасына, аурудың ауырлығына және тәуекелдің әртүрлі факторларының болуына байланысты болады.

Егер операциялық араласу қажет болса, кардиолог-дәрігер сізді кардиохирургқа жібереді.

Қарап тексерудің заманауи әдістері және уақтылы белгіленген дәрілік терапиясы – миокард инфаркты, инсульт, тромбоэмболия жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының қауіпті асқынуларынан құтылуға мүмкіндік береді.

Кардиологқа қабылдауға жазылу

Кардиологқа сайттағы онлайн-нысан немесе біздің байланыс телефонымыз +7 7172 57 78 23 арқылы жазылуға болады

balagazina-galiya-sametovna

Балагазина Ғалия Саметқызы

дәрігер-кардиолог
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
Роза Алабаева

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

12.11.2020 05:12
Жауап беру
Талгат Жолдаспаев

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

30.01.2017 12:55
Жауап беру