Дерматология
Дерматолог — кәсіптік мүддессі саласына этиологиясы әртүрлі тері, тырнақ және шаш ауруларын диагностикалау, емдеу және профилактикалау кіретін дәрігер. Егер сізге сауатты дерматологтың кеңесі қажет болса, Орталықтың мамандарына жазылыңыздар. Біздің Орталықта қабылдауды тәжірибесі мол және ғылыми жұмыс тәжірибесі бар дерматолог-дәрігерлер – жоғары білікті деңгейдегі мамандар, ғылым кандидаттары мен докторлары жүгізеді.
Дерматологтың уақтылы консультациясы сізге туындаған проблеманы жедел шешуге ғана емес, сонымен бірге қатты асқынулардың даму мүмкіндігін жоюға мүмкіндік береді.
Дерматолог қандай ауруларды емдейді
Дерматологиялық аурулар кең әртүрлілігімен ерекшеленеді, ол диагностикалау процессін айтарлықтай қиындата түседі. Көптеген тері патологиясы жасырын ағымға ие, және оларды білікті маман ғана анықтай алады.
Терінің бетіндегі кез келген өзгерістер күрделі аурудың дамуының куәсі болып табылады және дерматологқа шұғыл қаралуды талап етеді.
Біз сіздерге әртүрлі себептермен қоздырылған тері ауруларының кең ауқымы кезінде көмек көрсетеміз:
- кез келген тері бөртулері – зең, инфекциялық, аллергиялық және т.б.;
- безеу бөртпелері, оның ішінде бозбалалық;
- май бездері функциясының бұзылуы – себорея, периоральды дерматит;
- паразиттік аурулар – педикулез, қышыма;
- экземалық қабыну – нейродермит, экзема, дерматоз, дерматит, экссудаттық диатез;
- псориаз және өзге папулосквамоздық бұзылулар – алқызыл теміреткі, қызыл тегіс теміреткі;
- ақтандақ, ихтиоз, ксероз және өзге аурулар.
Дерматологқа қандай белгілермен бару қажет
- қызару, қышу, терінің түлеуі;
- ісіктің пайда болуы;
- іріңді жәнежара зақымдануы;
- сыртқы эпителийде өткінші емес, тұрақты бөртпелердің пайда болуы (бозарған немесе айқын көрінетін);
- теріде өскіндердің пайда болуы (түймешік ісік, папиллома, просовидті безеу, атерома және т.б.);
- терідегі өскіндердің (сүйелдердің, меңдердің, пигменттік дақтардың) санының немесе сыртқы түрінің өзгеруі;
- тырнақ пен шаштың құрылымының өзгеруі;
Біз сізге туындаған проблемаларды тиімді және салдарсыз шешуге көмектесеміз. Терідегі өскіндерден жарнамаланатын медициналық дәрі-дәрмектердің немесе халық медицинасы рецептерінің көмегімен өз бетінше құтылуға талпынбаңыз. Онда тәсіл жағдайды тек ушықтыра түседі және аурудың жасырын түрге, кейін созылмалы нысанға ауысуына мүмкіндік береді.
Дерматолог-дәрігерге қабылдау немесе консультациясы қалай жүргізіледі
Сізге көмектесу үшін дерматолог бірінші кезекте, зақымданудың сипатын, оның клиникалық байқалуын және таралуын бағалай отырып, толық анамнезді жинайды, шағымдарды тыңдайды және бұзылу сыртқы теріге мұқият тексеру жүргізеді.
Біздің Орталықтың маманы бірінші қабылдауда диагностикалау мен емдеудің тиімді жоспарын әзірлейді.
Дерматологқа қабылдауға жазылу
Дерматологқа сайттағы онлайн-нысан немесе біздің байланыс телефонымыз +7 7172 57 78 23 арқылы жазылуға болады