Дерматовенеролог

Дерматовенеролог – соз және тері ауруларын диагностикалау мен емдеуде, сондай-ақ олардың алдын алуда маманданатын дәрігер. Орталықта мол жұмыс тәжірибесі бар, жоғары білікті дерматовенеролог-дәрігерлер қабылдау жүргізеді.

Сіз өзіңіздің жыныстық қатынастағы сүйіктіңіздің денсаулығына жауапты екеніңізді және өз бетімен емдеуге және белгілерді жасыруға жол жоқ екенін ұмытпаңыз!

Дерматовенерологқа қандай белгілермен бару керек

Дерматовенерологқа консультацияға әртүрлі проблемалармен келеді: акнеден бастап жыныстық инфекцияларға дейін. Барлық жарнамаланған сусабындарды пайдалануға болады, бірақ сонда да проблемадан құтылмайсыз. Өзіңіздің денсаулығыңызды мұқият күтіп жүріп, хауызда зең ауруын жұқтырып алуыңыз мүмкін. Қорғалмаған жыныстық акт – бұл мазасыздыққа жеке себеп, өйткені ол бірнеше жайсыздық пен асқынуларды тудырады. Барлық осы проблемалардан құтылуға дәл осы дерматовенеролог-дәрігер көмектеседі.

Дерматовенерологқа бару қажет, егер сізде:

  • терімен проблемалар пайда болса (терінің қышуы, әртүрлі бөртулер, қызару, пигменттеу, әртүрлі терідегі жаңа өскіндер);
  • ауыздың шырышты қабатында ақ өңездер немесе іріңдер;
  • тырнақтар өте сыңғыш және осал болып, олардың түсі мен құрылымы өзгерсе;
  • шашыңыз көп түсе бастаса, қайызғақ немесе себорея пайда болса, жансыз, күңгірт және әлсіреген болып көрінсе;

Маманның жедел назарын талап етуші және жыныстық инфекцияның болу мүмкіндігін көрсететін белгілерді жеке атап өткен дұрыс.

Сіздерге келесі белгілердің ішінен тіпті біреуі ғана байқалса, дерматовенерологтың жедел консультацясы қажет:

  • жыныстық органдардан тән емес жұғындылар;
  • жыныстық акті кезінде жайсыздық пен ауыру сезімдерінің пайда болуы;
  • жыныстық органдар тұсындағы қышу, күйдіру және қызару;
  • сыртқы жыныс ағзаларының шырышты қабатында немесе терісінде бөртпелердің, жаралардың немесе өзге де өскіндердің пайда болуы;
  • шаптағы, аналық жыныс бездерінде, іштің төменгі жағындағы ауырулар;

Өз бетімен емделуге және белгілерді жасыруға болмайды! Егер сізде мазасыздыққа тіпті азғана себебіңіз болса – жедел дәрігерге көрініңіз. Біздің Орталықтағы дерматовенерологқа көріну құпия сақталады, ал уақытылы басталған сауатты емдеу күрделі асқынулардың дамуынан сақтайды және жыныстық жүйеңізді қалпына келтіруге көмектеседі.

Дерматовенерологтың қызметтері

Орталық тері-венериялық ауруларды, сондай-ақ шаш пен тырнақ патологиясын диагностикалау мен емдеу бойынша қызметтердің барлық түрін көрсетеді.

Жаңаша терапевтикалық әдістерді пайдалану Орталықтың мамандарына емдеуде максималды табысты нәтижелерге қолжеткізуге мүмкіндік береді. Сенімді және қолайлы жағдай, толық құпиялылық және емдеудің жоғары стандарттары – біздің негізгі басымдылықтар болып табылады.

Дерматовенерологтың қабылдауы қалай жүргізіледі

Дерматовенерологтың консультациясы:

Невролопатогтың консультациясы мыналарды:

  • анамнезді жинауды;
  • тексеруді;
  • бірнеше зертханалық талдаулар мен диагностикалық рәсімдерді белгілеуді;
  • өткізілген тексерулер негізінде диагноз қоюды;
  • емдеудің жеке бағдарламасын әзірлеуді қамтиды;

Дәрігер қоятын сұрақтарға толық жауап беруге және барлық мазалайтын белгілерді максималды дәлдікпен сипаттап беруге тырысу аса маңызды.

Сіз өзіңіздің денсаулығыңыз туралы түсінік және оны емдеу әдістері, алдын алу, қайтадан пайда болу, сақтық шаралары туралы толық ақпарат аласыз.

Дерматовенеролог қандай ауруларды емдейді

Дерматовенерологтың құзыретіне тері-венериялық ауруларының мынадай түрлерін диагностикалау және емдеу кіреді:

  • акне, қызғылт теміреткі, алопеция (қасқабастану), себореялық дерматит;
  • экзема, дерматоз, розацеа, нейродермит, есекжем және т.б.;
  • қызыл жегі, склеродермия;
  • витилиго, псориаз;
  • терідегі жаңа өскіндер— невустар, папиломалар, кератомалар, кондиломалар, сүйелдер;
  • зеңмен зақымдалу— кандидоз және оның түрлері;
  • жыныстық жолмен берілетін инфекциялар — трихомониаз, хламидиоз, уреаплазмоз, ұшық, микоплазмоз, кандидоз;
  • жұмсақ шанкр, гонорея, мерез.

Атап өтілген аурулардың кез келгені кәсіби емделуге мұқтаж. Өз бетіңізбен жағымсз белгілерді жоюға тырыспаңыз. Көптеген ЖЖБА-ның клиникалық көрінісі ұқсас, дегенмен емдеуде әртүрлі тәсілдерді талап етеді. Диагнозды дұрыс қойып, сауатты және нәтижелі емдеуді тек дәрігер ғана белгілей алады.

Дерматовенерологиядағы диагностикалаудың негізгі әдістері

Заманауи зертханалық жабдықтың және соңғы буындағы жоғары сезгіштігі бар тест-жүйелерінің болуы біздерге ең аз мерзімде дұрыс диагноз қою үшін қажетті талдауларды орындауға мүмкіндік береді.

Біздің Орталықта мынадай зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізіледі:

  • қанға, оның ішінде АИТВ/ЖИТС-ға және мерезге талдау;
  • бактериологиялық егу;
  • микрофлораға жағындыны талдау;
  • микроскопиялық зерттеулер;
  • зәр-жыныс инфекцияларға жағындыны талдау;
  • ПЦР-диагностика;
  • дерматоскопия;
  • пигменттік және өзге де тері өскіндеріне биопсия жасау.

Қуатты диагностикалық базамыздың арқасында біз барлық қажетті зерттеулерді ең қысқа мерзімде орындаймыз, ол аурудың себебін анықтауға және емдеуді бастауға мүмкіндік береді.

 

Емдеудің қандай әдістері пайдаланылады

Біздің Орталықта емдеуге кешенді тәсілде негізделетін емдеудің ең заманаки әдістері ғана пайдаланылады. Терапевтикалық сызбаны мамандар аурудың кезеңін, ауырлығын және өту ерекшелігін, ілеспе патологиялар мен өзге де факторлардың болуын ескерумен әр клиникалық жағдайға жеке дайындайды. Дерматовенерологиялық проблемаға кез келген күдіктің туындауы кезінде тездетіп біздің клиникаға келіңіз.

Дерматовенерологқа қабылдауға қалай жазылуға болады             

Дерматовенерологқа қабылдауға сайттағы онлайн-нысан арқылы немесе  +7 7172 57 78 23 телефонына хабарласу арқылы жазылуға болады