Кардиохирург

Кардиохирург — туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауын, ірі тамырларды, аритмияны, ишемиялық ауруларды, оның асқынуларын емдейді, қолқаны протездеумен, жүрек қақпақшасы мен тамырларын бір сәттік түзетумен, миокардтың жиырылғыштық қабілеті төмен жүрекке хирургиялық ем және басқа да оталар жасаумен айналысады.

Жүрек ауруының белгілері мынадай:

  • денеге ауырлық түскен кезіндегі тез шаршағыштық
  • демікпе
  • кеуде тұсының ауруы
  • жақтың, мойынның, арқаның ауруы
  • терінің солғындығы және/немесе көгергендігі
  • талып қалу
  • жүреу қағысының тұрақсыздығы
  • аяқтың, іштің, көз айналасының ісуі.

Алғашқы қабылдау кезінде дәрігер шағымдарды тыңдайды, ауру тарихымен танысады, жасалған талдауларға назар аударады. Содан кейін ол стетоскоптың көмегімен жүрек қағысын, тамырдың соғуын, қан қысымын тексереді, шырышты қабықты қарап шығады.

Ұсынылуы мүмкін қосымша диагностикалық тесттер:

  • қанның жалпы және биохимиялық талдауы
  • көкірек қуысын рентгенге түсіру
  • күйзеліс-тест
  • ЭКГ, эхоКГ
  • Жүректі сүмбілеу
  • Жүректің КТ, МРТ
  • миокардтың биопсиясы
  • перикардиоцентез.

Тексеру нәтижесі бойынша кардиохирург емделудің қандай да бір түрін ұсынады, пациентке ота қалай жасалатынын, қандау қауіптер бар екенін айтып береді, отаға дайындалу жөнінде кеңестер береді.

Нақты ем шаралардың, тесттердің қажеттілігін кардиохирург әрбір пациентке жеке белгілейді.

Кардиохирургтың қабылдауына сайттағы  онлайн-нысан немесе мына телефон бойынша жазылуға болады: +7 7172 57 78 23.