Оториноларинголог (ЛОР)
Оториноларинголог (ЛОР) – бұл құлақты, тамақты және мұрынды емдеу мен профилактикалаумен айналысатын дәрігер. Қандай да бір ЛОР-патологияның болуы туралы азғана күдік пайда болса, біз сізге қабылдауға жазылуға ұсынамыз.
Консультацияларды белсенді медициналық қызметпен айналысатын тәжірибелі мамандар өткізеді.
Оториноларингологқа қандай белгілермен бару қажет
Егер сізді келесі белгілер мазаласа, отоларингологқа баруды кейінге қалдырмаңыз:
- мұрынмен тыныс алудың қиындауы;
- мұрыннан қанның жиі кетуі;
- ұзақ мерзімді тұмау және жөтел;
- мұрында, үстіңгі жақ, самай тұсындағы жайсыздық немесе ауыруды сезіну;
- маңдайда, бетте, үстіңгі ерінде ісіктің пайда болуы;
- желкеге немесе самайға берілетін маңдай мен көздің тұсында ауырудың байқалуы;
- мойын және құлақ лимфоузелдердің артуы;
- ауыздан жағымсыз иістің шығуы;
- қорыл;
- ауыру немесе құлақтан бөлінетін заттар;
- жұтынудың қиындауы, тамақтың қызаруы.
Кез келген жоғарыда аталған белгі – бұл оторинолагингологқа қабылдауға шұғыл түрде келуге айтарлықтай себеп болады. Дәрігерге уақтылы бару және жедел өткізілген емдеу қатты асқынулардың даму тәуекелінен құтылуға мүмкіндік береді. Жиі болатын ангина бүйрекке, буынға және жүрекке аса жағымсыз ықпал етеді, ал қарапайым ринит қатты отиттің немесе гаймориттің дамуын тудыруы мүмкін.
Оториноларинголог қандай ауруларды емдейді
- отитты және естудің әртүрлі патологияларын;
- мұрын және мұрын жанындағы қойнаулары ауруларын,
- тамақ ауруларын (фарингит, танзилиты және т.б.);
ЛОР-патологиялар өзге аурулар сияқты күрделі диагностикалауға және сауатты емделуге мұқтаж. Тұмау байқалғанда дәріханаға жүгіріп, теледидарда жиі жарнамаланатын дәрі-дәрмекті сатып алудың қажеті жоқ. Маман кешенді тексеруді өткізгеннен кейін және жалғыз дұрыс диагнозды қойғаннан кейін дұрыс емделуді белгілей алады.
ЛОР-ауруларын диагностикалау әдістері
Отоларингологияның негізгі қағидасы – сырқаттың себебін түсіну, оны және оның клиникалық белгілерін жою болып табылады. Біздің Орталықтың мамандары құлақ, тамақ және мұрын ауруларын диагностикалаудың ең үздік, аса ақпаратты әдістерін пайдаланады:
- зертханалық талдаулар;
- эндоскопиялық зерттеу;
- функционалды диагностикалау;
- ЛОР-ағзаларының рентгенографиясы;
- КТ, МРТ;
Оториноларингологтың консультациясы қалай жүргізіледі
Оториноларингологтың консультациясы анамнезді жинаудан басталады. Дәрігер сізден шағымдарыңыз, өмір салтыңыз, бала кезіңізде қандай және қанша рет ЛОР-аурулармен ауырғаныңыз, жақын туыстарыңызда осындай аурулардың болуы, зиянды әдеттеріңіз туралы толық сұрайды. Заманауи жоғары ақпаратты жабдық пен аспаптарды қолдана отырып, көзбен шолып байқау жүргізеді. Өткізілген зерттеулердің нәтижелерін қарайды және алынған барлық мәліметтер негізінде дұрыс диагноз қояды.
Оториноларинголог консультацияда сізге аурудың асқынуының туындауы мен мүмкін дамуының ерекшеліктері мәселелеріне қатысты жеткілікті ақпарат береді, сондай-ақ емдеудің дербес бағдарламасын әзірлейді және ЛОР-ауруларды профилактикалау бойынша ұсыныстар береді. Қажет болған жағдайда, маман қосымша тексеруді өткізуді белгілей алады.
Отоларинголог-дәрігерге қабылдауға жазылу
Отоларинголог-дәрігерге сайттағы онлайн-нысан немесе біздің байланыс телефонымыз +7 7172 57 78 23 арқылы жазылуға болады