Емхана туралы
«Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың» емханасы – көпбейінді медициналық мекеме. Егер Сіз өзіңіздің денсаулығыңызды бағаласаңыз, өзіңізге жақын жандардың қамын жесеңіз, Сізге көмек көрсетуге дайынбыз. Бұл жерде әр пациентке, оның мінезі мен дертінің күрделілігіне қарамастан, ерекше көңіл бөлеміз.
Дәрігерлер аурудың асқынған жағдайында емес, алдын ала келуге кеңес береді. Дәрігерге жиі бару – денсаулықтың үздік кепілдігі болып табылады. Бастапқы кезеңде анықталған ауруды емдеу – уақыт пен күш жұмсауды азайтады. Әртүрлі бейіндегі жоғары білікті мамандардың уақытылы кеңестері тиісті деңгейде ағзаның жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Біздің орталық – бұл сапалы диагностикалау және күрделіліктің кез келген деңгейіндегі ауруларды емдеу.
Не себептен біздің емханаға қаралу керек?
Сіз өзіңіздің денсаулығыңызды ойлап, тек қана сапалы қызметті қалайсызба? Сіз оларды «ҰҒМО» АҚ-ның көпбейінді медициналық орталығында алуыңызға болады! Егер Сіздің көңіл-күйіңіз бірден төмендеп кетсе, біздің емханамызда Сіз үшін кешенді диганостикалау жүргізілетін болады. Біз сіздің сырқатыңыздың себебін міндетті түрде табамыз. Егер сырқаттың себебі аурудың бастапқы кезеңінде табылса, емдеу үлкен нәтиже береді.
Біздің пациентке көмек керек болған кезде, біз аса күрделі міндеттерді шешуге тартынбаймыз. Біздің медициналық орталықта жұмыс істейтін әрбір дәрігердің кәсіпкерлігіне 100%-ға сенімдіміз. Біздің штатта ғылым докторлары, кандидаттары және жоғары санаттағы дәрігерлер бар. Егер Сіз аз уақыт жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге сенімсіздік танытсаңыз, біздің емханаға келіңіз, барлық күдіктеріңізді сейілтіңіз – бұл жерде еліміздің үздік кадрлары қызмет атқарады! Біз заманауи медицинаның барлық бағыттары бойынша сапалы емдеу жүргіземіз.
Егер Сізде денсаулық жағдайыңызға қатысты мәселелер туындаса – міндетті түрде біздің орталыққа келіңіз, тәжірибелі дәрігер Сізге жоғары деңгейде кеңес береді.
Емхананың емдеу бағыттарының тізімі:
- Терапия;
- Гинекология;
- Пульманология
- ЛОР;
- Хирургия;
- Кардиология;
- Аритмология
- Ревматология;
- Офтальмология;
- Гастроэнтерология;
- Дерматология;
- Маммология;
- Проктология
- Нефрология;
- Проктология;
- Физиотерапия;
- Эндокринология;
- Неврология;
№ | Дәрігердің аты-жөні | Мамандығы | Қабылдау кестесі | Қабылдау уақыты | Кабинет нөмірі |
Терапиялық бейін | |||||
1 | Асқарова Қарашаш Майкенқызы | Терапевт – пульманолог. М.Ғ.К. | ДС.-ЖМ. | 09:00 – 17:00 Түскі үзіліс: 13:00 -14:00 |
107 |
2 | Садықова Замира Әмірқызы | Ревматолог -терапевт. М.Ғ.К. | ДС.-ЖМ. | 09:00 – 13:00 | 111 |
3 | Иманбаева Нұржамал Дулатқызы | Ревматолог -терапевт. М.Ғ.К. | ДС.-ЖМ. | 09:00 -16:00. Түскі үзіліс: 13:00 -14:00 | 112 |
4 | Ибрагимова Лейля Сейілбекқызы | Гастроэнтеролог. М.Ғ.К. | ДС.-ЖМ. | 09:00 – 13:00 | 115 |
5 | Тамабаева Ляззат Жәнібекқызы | Гепатолог. М.Ғ.К. | СЕЙ. | 14:00 – 17:00 | 124 |
6 | Тостановская Нина Вальеревна | Гастроэнтеролог, Гепатолог. 1-санат. | ДС.,БС. | 14:00-16:00 | 115 |
7 | Досжан Айнұр Дүкенбайқызы | Терапия бөлімінің басшысы | СӘР. | 15:00-17:00 | 115 |
8 | Тримова Рахат Самантайқызы | Эндокринолог. Жоғары санат | ДС.-ЖМ. | 09:00-15:00 | 101 |
9 | Жетпісбаева Хафиза Сәлімқызы | Аллерголог-иммунолог. М.Ғ.Д. | ДС.-ЖМ. | 09:00-15:00 | 102 |
10 | Қалиева Гүлжан Нұрмұхаметқызы | Дерматолог. Жоғары санат | ДС., БС. | 14:00 -16:00 | 109 |
11 | Пак Алексей Михайлович | Пульманолог. М.Ғ.К. | ДС.-ЖМ. | 09:00 -14:00 | 113 |
12 | Каримов Нарқозы Абдрахманұлы | Аллерголог.2-санат. | СӘР., ЖМ. | 15:00-17:00 | 122 |
13 | Туребеков Зайырхан Темірханұлы | Нефролог. 1-санат | СӘР., ЖМ. | 14:00-17:00 | 235 |
Кардиологиялық бейін | |||||
14 | Балагазина Ғалия Саметқызы | Кардиолог. Жоғары санат | ДС.-ЖМ. | 09:00 – 13:00 | 103 |
15 | Мәншәріпова Айкүміс Мәдібекқызы | Кардиолог. 1- санат | ДС., СӘР., БС. | 15:00 –17:00 | 103 |
16 | Үсенов Асылхан Уәлиханұлы | Кардиолог. Жоғары санат | ДС.-ЖМ. | 09:00 -13:00 | 118 |
17 | Орманбеков Ерлан Эргешұлы | Аритмолог. 2-санат |
ДС.-ЖМ. | 14:00 – 17:00 | 116 |
18 | Садуев Қуандык Ерікұлы | Аритмолог. 1-санат |
ДС.-ЖМ. | 14:00 – 17:01 | 116 |
19 | Стамбол Беғылан | Интервенциялық кардиолог. М.Ғ.Д. | ДС.-ЖМ. | 15:00 -17:00 | 118 |
20 | Рамазан Қадырбек | Интервенциялық кардиолог. М.Ғ.Д. | ДС.-ЖМ. | 14:00-15:00 | 118 |
Офтальмологиялық бейін | |||||
21 | Мырзағалиева Юлия Саютқызы | Офтальмолог. Жоғары санат | ДС.-ЖМ. | 09:00 – 13:00 | 105 |
22 | Елтоқова Мәншүк Хайлуллинқызы | Офтальмолог. Жоғары санат, PhD. | ДС.-ЖМ. | 14:00 – 17:00 | 105 |
23 | Кәрібаев Саят Аралұлы | Лазерлі офтальмолог. 2- санат | ДС.-ЖМ. | 09:00-16:00 | 131 |
Хирургиялық бейін | |||||
24 | Исмұханова Динара Естайқызы | Отоларинголог. Жоғары санат | ДС.-ЖМ. | ДС.-ЖМ. | 104 |
25 | Бахонов Әділханн Кенжетайұлы | Хирург- проктолог. Жоғары санат | ДС.-ЖМ. | 09:00 – 15:00 | 106 |
26 | Әбдікәрімов Әнуар Маратұлы | Хирургия бөлімінің басшысы | ДС.-ЖМ. | 15:00 -16:00 | 106 |
27 | Ілиясов Нұрбек Қасымұлы | Хирург. Жоғары санат | ДС. -ЖМ. | 15:00 -16:00 | 106 |
28 | Касьянов Сергей Александрович | Пластикалық хирург.2-санат. | ДС.-ЖМ. | 14:00-17:00 | 104 |
29 | Колос Анатолий Иванович | Торокальды хирург. М.Ғ.Д. | ДС.-ЖМ. | 14:00-16:00 | 128 |
30 | Туғанбеков Тұрлыбек Үмітжанұлы | Маммолог. М.Ғ.Д. | ДС.-ЖМ. | 9:00 – 13:00 | 118 |
Гинекологиялық бейін | |||||
31 | Мақанова Роза Сейтқалиқызы | Гинеколог. Жоғары санат | ДС.-ЖМ. | 09:00 – 14:00 | 110 |
32 | Исенова Әсел Болатқызы | Гинеколог. Жоғары санат | ДС.-ЖМ. | 15:00 -16:00 | 110 |
33 | Ахметжанов Ардақ Халелұлы | Гинекология бөлісінің басшысы | ДС. | 16:00 – 17:00 | 110 |
Урологиялық бейін | |||||
34 | Ермағамбетов Еркебұлан Мешітбайұлы | Уролог-андролог. Жоғары санат | ДС.-ЖМ. | 09:00 -13:00 | 109 |
35 | Ысқаков Ербол Амангелдіұлы | Урология бөлімінің басшысы | СЕЙ.,БС. | 15:00-17:00 | 122 |
Неврологиялық бейін | |||||
36 | Бексұлтанова Гүлмира Сабитқызы | Невропатолог. М.Ғ.К. | ДС.-ЖМ. | 09:00 -15:00. Түскі үзіліс: 13:00 – 14:00 | 114 |
37 | Дүйсенбі Серік | Нейрохирург. М.Ғ.Д. | СЕЙ., ЖМ. | 15:00 – 17:00 | 128 |
Емшара кабинеті және күндізгі стационар | |||||
38 | Емшара кабинеті | ДС.-ЖМ. | 09:00 – 14:00 | 119 | |
39 | Күндізгі стационар | ДС.-ЖМ. | 09:00 – 17:00 | 125 |
ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕР — бізде!
«ҰҒМО» АҚ-ның емханасында әртүрлі бағыттардағы тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Бұл пікірлес, кәсіпқой, жоғары біліктілікті дәрігерлердің тобы.
Күн сайын емхананың қызметкерлері медициналық көмектің кәсіпқой, жедел және қолжетімді болуға міндетті екенін өздерінің жұмыстарымен дәлелдейді. Әрбір маман – бейімділігі бойынша дәрігер.
Емдеудің маңызды кезеңдерінің бірі – дәл және уақтылы диагностика. Барлық біздің штаттағы дәрігерлеріміз – сол немесе басқа салада белгілі бір мамандануы бар дәрігерлер. Осының арқасында кез келген біздің маман сол немесе өзге аурудың барын алдын ала диагностикадан өткізе алады. Сондықтан біздің дәрігерлерге кез келген медициналық проблемамен жүгінуге болады.
Егер Сізге өте жақсы гинекологқа, урологқа, дерматологқа немесе кез келген өзге маманға жүгіну керек болса, онда оларды бізден таба аласыз. Бұл жерде сіз жетекші дәрігерлердің білікті кеңесін аласыздар, сондай-ақ кез келген емдеуді жүзеге асырасыздар.
ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ЖАБДЫҚ — НӘТИЖЕЛІ ЕМДЕУ КЕПІЛІ!
Біздің мақтанышымыз – мамандар мен жоғары класты жабдық болып табылады. Біз оның әрдайым жаңарып тұруына қаражатты аямаймыз, себебі пациенттің денсаулығы – бәрінен де жоғары. Жетекші әлемдік өндірушілердің үздік аппараттары бізге ауруды дәл диагностикалауға, сондай-ақ ең сапалы, әрі қауіпсіз манипуляциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Біздің медициналық орталықтағы барлық зерттеулер мен емдеу процедуралары толық құпиялықты сақтаумен жүргізіледі.
Ганкина Юлия
Текст отзыва: Хочется выразить благодарность Бексултановой Гулмире Сабитовне! Гульмира Сабитовна – врач от бога! Это лучший невропотолог, мастер своего дела, компетентный и чуткий врач,! Благодарю бога, что встретила такого врача!