Проктолог (колопроктолог)

Проктолог (колопроктолог) — бұл тік және тоқ ішек, сондай-ақ анал маңының ауруларын диагностикалау және емдеумен айналысатын дәрігер. Проктологиялық патологиялар өмір сапасын нашарлатқанымен қатар, өзінің ауыр асқынуымен қауіпті. Сондықтан нәтижелі ем жасау үшін дер кезінде диагностика жасау маңызды. Орталықта Астана қаласының көп жылдық тәжірибесі бар жақсы мамандары қабылдау жасайды.

 Проктологқа қандай ауру белгілерімен жүгінеді

  • тұрақты түрде іш қату мен іш өту;
  • тік ішектің қызаруы, ауырсынуы және қышуы;
  • артқы тесіктен шырышты, іріңді және қанды бөлінділердің болуы;
  • іш кебу;
  • үлкен дәреттің тоқтамауы;
  • артқы тесіктің айналасында жарықшақтардың, ісінулердің пайда болуы;
  • нәжіс шығару кезінде немесе одан кейін ауырсынудың пайда болуы;
  • артқы тесікте бөтен дененің болуын сезіну;
  • геморойлы түйіннің қалыптасуы және олардың сыртқа шығуы.

Проктологиялық аурулардың дамуына ағзаның белгілі бір күйімен орын алған бірқатар физиологиялық себептер ілеседі, мысалға:

  • жүктілік және босану;
  • ауыр физикалық жүктемелер;
  • ішімдікке салыну;
  • жасқа байланысты өзгерістер;
  • жүріс-тұрысы аз өмір салты;
  • көп отырып жұмыс жасау;
  • артық салмақ және т.б.

Проктологтың қызметтері

Көптеген адамдар жылдар бойы қатты ауырсынулар мен артқы тесіктен қан ағу жайттарына мән бермей, шыдап жүре бергенді жөн санайды, алайда, олар тік ішек пен тоқ ішектің көптеген патологиялары қазіргі кезде ауруханаға жатуды және күрделі хирургиялық емді қажет етпейтін заманауи әдістермен сәтті емделетінін біле бермейді.

Біздің Орталықта проктологтың қызметтері ұсынылады, ал ерте диагностика мен тиімді ем кез-келген сипаттағы патологиядан, қатерлі өзгеріс түріндегі қауіпті аурулардан айығуға мүмкіндік береді.

Біздің дәрігер-проктологтар медицинаның басқа саласындағы мамандармен – урологтермен, гастроэнтерологтермен, гинекологтермен және т.б. тығыз байланыс жасайды. Мұндай тәсіл ауруды кешенді түрде емдеуге,  аурудың белгілерін ғана емес, оның пайда болу себебін де жоюға мүмкіндік береді.

Дәрігер-проктологтың қабылдауы немесе консультациясы қалай өткізіледі

Проктологтың қабылдауы өзінің ерекшеліктеріне ие. Бұл маманға бару үшін ағзаны арнайы дайындау талап етіледі. Ол қарапайым ұсыныстар мен амалдарды жасаудан тұрады:

  • алдын ала ішекті тазарту керек (клизма немесе іш өткізетін дәрінің көмегімен);
  • дәрігердің қабылдауына бірнеше күн қалғанда тамақ мәзірінен газ туындататын тағам түрлерін (негізінен көмірсуларды) алып тастаған жөн;

Бұл дәрігердің аурудың дәл және анық көрінісін алуына мүмкіндік жасау үшін қажет.

Проктологтың кеңесі мыналарды қамтиды:

  • сыртартқыны (шағымдар, өмір сүру салты, әдеттері, қосымша аурулар және т.б.) жинақтау;
  • жалпы қарау және тік ішекті саусақпен зерттеу;
  • бірқатар зертханалық-аспаптық зерттеулерді жүргізу;
  • алынған деректер негізінде жеке кешенді емдеу кестесін әзірлеу және тағайындау.

Қажет болған жағдайда  проктолог қосымша зерттеулер жүргізуді және  бір-бірімен байланысты мамандардан кеңес алуды тағайындайды.

Проктолог қандай ауруларды емдейді:

Проктологтардың ең көп емдейтін  ауруларының бірі көтеу (геморрой) болып табылады. Бұл әлемнің ересек халқының 45% дұшар болған кең таралған патология.

Жиілігі жағынан екінші орындағы патология тік ішектің қабынуы мен артқы жақтың жарықтары. Мұндай аурулардың ең күрделі асқынуы тік ішектің шырышты қабығының ішек жыланкөзінің пайда болуымен қатерлі өзгерісі болып табылады.

Проктолог сондай-ақ мынадай ауруларды емдейді:

  • тән емес жаралы колит;
  • проксигмоидит;
  • ішектің қабыну аурулары (криптит, проктит және т.б.);
  • ішектердің әлсіреуі;
  • анал маңының дерматиті;
  • Крон ауруы;
  • нәжістің тоқтамауы (энкопрез);
  • тік ішектің ісіп ауруы;
  • тік ішек маңы қабынуы;
  • анал маңының түймешек ісіктері, липомалар, папилломалар, фибромалар және т.б.;
  • колит;
  • паразиттік аурулар (ішек құрт инвазиялар);
  • артқы тесіктің, тік және тоқ ішектің әртүрлі жарақаттары.

Проктологияда диагностиканың қандай әдістері қолданылады

Біздің орталықтың мамандары зертханалық және аспаптық диагностиканың мынадай әдістерін қолданады:

 

  • аноскопия;
  • ректоскопия (ректороманоскопия);
  • ирригоскопия;
  • колоноскопия(ауыртпай);
  • копрограмма;
  • онкокамераларға талдау;

Қараудың және алынған зертханалық деректердің нәтижесі бойынша проктолог жалғыз дұрыс диагноз қояды және барынша нәтижелі емдеу кестесін тағайындайды – терапевттік немесе хирургиялық.

Проктологияда қандай емдеу әдістерін қолданады

Проктологиялық ауруларды емдеу тәсілдері өте көп. Олардың тиімділігі, көп жағдайда, дұрыс қойылған диагнозға байланысты. Орталықтың мамандары проктологиялық ауруларды емдеуді озық әлем клиникаларымен дәлелденген және сынақтан өткізілген жетекші, аялауыш және аз инвазиялық хирургиялық тәсілдермен жүзеге асырады.

Отасыз емдеу әдістері дәрі-дәрмекпен емдеу, өмір салтын түзету, теңестірілген диета, физикалық терапиялық ем-шараларды қамтиды.

Біз отасыз аз инвазиялық әдістерді қолдана отырып, көтеу мен анал жарықтарын сәтті емдейміз:

  • лигирование латексными кольцами;
  • радиотолқынды және инфрақызыл коагуляция;
  • ішкі геморройлық түйіндерді тарту (HAL-RAR отасы);
  • мұзбен бұзу.

Проктологтың қабылдауына жазылу

Проктологтың қабылдауына сайттағы онлайн-нысан немесе +7 7172 57 78 23 телефоны арқылы жазылуға болады.