Сомнолог

Қорыл – қоршаған ортаға әлеуметтік проблема ретінде. Дегенмен қорыл күрделі аурудың – ұйықтап жатқанда тыныс алудың тоқтап қалуы немесе медициналық тілмен айтқанда ұйқының обструкциялық апноэсы синдромының (ҰОАС) жаршысы және бірден бір негізгі белгісі болуы мүмкін.

Ұйқының обструкциялық апноэсы синдромы (ҰОАС) – бұл жұтқыншақ деңгейінде жоғары тыныс алу жолдарының мезгілді басылуы мен өкпелік ауа алмасудың тоқтауымен, қандағы оттегі деңгейінің төмендеуімен, ұйқының қатты фрагменттелуі мен күндізгі ұйқышылдықпен қорылдың болуын сипаттайтын ауру (Guilleminault С., 1978). Ұйқының апноэсын емдеумен сомнолог айналысады.

Ояу жатқан жақындары бұл аурудың куәгері болады, олар қорылдың кенеттен тоқтап қалатынын және тыныс алудың шошытарлықтай тоқтап қалуын бақылайды, кейін ұйқыда жатқан адам қатты қорылдайды және тағы да тыныс алуды бастайды. Кейде түні бойы тыныс алудың Б00 дейін тоқтап қалуы байқалады. Бұл тыныс алулардыңтоқтап қалу ұзақтығы бір түн ішінде 4 сағатқа дейінгіні құрауы мүмкін.

Бұл жағдай қатты, сондай-ақ қандағы оттегінің созылмалы жеткіліксіздігіне алып келеді, мынадай жүрек-қан тамырлы асқынулардың даму қаупін айтарлықтай арттыруы мүмкін:

  • Артериалық гипертония;
  • Жүрек қағысының бұзылуы;
  • Инсульт;
  • Миокард инфаркты;
  • Ұйқыда жатқанда кенеттен өліп кету.

Ұйқыда жатқанда тыныс алудың бұзылуымен ауыратын адамдарда мазасыз үстіртін сергімейтін түс, тершеңдік және түнгі жиі несеп шығару, қалжырағандық және таң атысымен бас аурулары, кенет күндізгі ұйқышылдық, ашуланшақтық, естің және зейіннің төмендеуі, белсіздік байқалады.

Егер Сізде үш немесе одан да көп мынадай симптомдар байқалса:

  • Қатты қорыл
  • Ұйқыда тыныс алудың тоқтауына белгілер
  • Мазасыз, сергімейтін түс
  • Жиіленген түнгі несеп шығару

(> түніне 2 рет)

  • Түнгі уақытта ауыр тыныс алу және тұншығу
  • Түнгі терлегіштік [әсіресе бастың тұсында)
  • Қалжырағандық, таңертең гі бас аурулары
  • Азапты күндізгі ұйқышылдық
  • Созылмалы шаршағандық
  • Артериалық қысымның артуы (көбінесе түнгі және таңғы сағаттарда)
  • Дененің артық салмағы
  • Еркектің қауқарының төмендеуі

онда, Сіз ұйқыда тыныс алудың тоқтап қалу ауруына шалдыққаныңыздың белгілі болуы мүмкін. Немесе, медициналық тілмен айтқанда ұйқыда обструктивтік апноэ синдромымен (ҰОАС), осындай жағдайда Сізге сомнолог көмектесуі қажет.

Шетелдік және отандық әдебиетте ұйқының бұзылуын диагностикалаудың «алтын стандарты» полисомнография (ұйқыда жатқан адамның физиологиялық параметрлерін тіркеу ұзақтығы) болып есептеледі.

Ұйқыда тыныс алудың бұзылуын диагностикалау әдістері

Картинки по запросу лечение храпа и апноэ

Компьютерлік пульсоксиметрия — синдромды скринингтік диагностикалауға арналған заманауи жоғары технологиялық әдіс

Ұйқының обструктивтік апноэ синдромының (ҰОАС) бірқалыпты және қатты формаларын емдеудің аса тиімді тәсілі СРАР (СИПАП) терапиясы – тыныс алу жолдарының үздіксіз оң қысымын жасау әдісі болып табылады.  «СРАР» термині ContinuousPositiveAirwayPressure (тыныс алу жолдарының үздіксіз оң қысымы) ағылшын сөздерінің аббревиатурасы болып табылады. Оның мәні өте қарапайым. Егер тыныс алу жолдарын ұйқы кезінде көп «үрлемесе», онда бұл олардың бәсеңдеуіне кедергі болады және ауру дамуының негізгі механизмін жояды.

Марсель Ашар: «Табыс ерте тұрған адамға келеді деп есептеледі. Жоқ, табыс жақсы көңіл-күйде оянған адамға келеді».

Сомнологқа қабылдауға қалай жазылуға болады?

Сомнологқа қабылдауға сайттағы онлайн-нысан және +7 7172 57 78 23 телефонына қоңырау шалу арқылы қабылдауға жазылуға болады

 

ҰҒМО сомнологы — Пак Алексей Михайлович

pak-aleksej

Пак Алексей Михайлович

дәрігер пульмонолог-сомнолог
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ