Уролог
Уролог – бұл еркектің несеп-жыныстық жүйесі мен әйелдің несеп жүйесі органдарының әртүрлі ауруларын диагностикалау мен емдеуде маманданатын дәрігер. Орталықтың штатына әрбір пациентке мұқият қарайтын, жұмыс тәжірибесі мол дәрігерлер кіреді. Қызметкерлердің жоғары біліктілігі және ең заманауи диагностикалық жабдығы проблемалардың себебін дәл анықтауға және емдеуді сәтті жүргізуге мүмкіндік береді.
Уролог қандай ауруларды емдейді
Уролог маманданатын несеп-жыныстық жүйенің проблемаларына:
- несеп шығару және қуық аурулары: цистит, уретрит, несеп-тас ауруы, несеп шығарумен әртүрлі проблемалар (несептің кідіруі және ұстай алмау, дәретханаға жиі бару және т.б.) қуық дисплазиясы.
- бүйрек аурулары: пиелонефрит, гидронефроз, нефроптоз және т.б.
- ерлердің репродуктивті жүйесінің аурулары: простатит, эпидидимит, орхит, баланопостит, жыныс жолымен берілетін аурулар (ЖЖБА) — хламидиоз, папилломо-вирустық инфекциясы, уреаплазмоз, микоплазмоз, герпес және т.б., жатады.
ҰҒМО дәрігерлерінің уретра мен қуықтың папилломатозы сияқты патологияларды жоюда, сондай-ақ несеп-жыныстық жүйенің әртүрлі органдарының өскіндерін емдеуде тәжірибесі бар.
Урологқа қай жағдайларда барады
Өзіңізде төменде келтірілген бір немесе бірден бірнеше симптомдарды тапсаңыз, ол урологқа бару қажеттілігі туралы куәлендіреді:
- несеп шығарумен проблемалар;
- несептің иісінің, түсі мен мөлшерінің өзгеруі;
- уретрадан бөлінетін заттардың болуы;
- күйдіру мен қышу;
- ауыру немесе жайсыздықты сезіну (іштің төменгі жағында, бұттың тұсында, шапта және жыныс органдарында);
- ұрықтың қандай да бір байқалатын өзгерістері (ерлерде);
- жыныс органдары сыртқы түрінің өзгеруі;
- несеп-жыныстық органдар жарақаты.
Урологтың консультациясы
ҰҒМО дәрігерлеріне тән сенімді және шырайлы жағдай – жайлы емдеу кепілдігі. Сіздердің шағымдарыңызға байланысты, сондай-ақ қарап тексерудің нәтижелері бойынша дәрігер диагнозды анықтау және емдеудің оптималды сызбасын белгілеу үшін қандай талдаулар мен зерттеулер қажет екенін анықтайды.
Урологтың диагностикасы
Уретроскопия және цистоскопия – бұл көзбен шолу диагностикасының жоғары тиімді әдістері, олар уретра мен қуықтың жағдайын бақылау үшін пайдаланылады.
Эндоскопиялық зерттеулерден басқа урологияда сондай-ақ ультра дыбыстық диагностика қолданылады. УДЗ арқылы простатаның, қуық пен бүйректің, т.б., жағдайы зерттеледі.
Қажет болған жағдайда ҰҒМО-да рентгенографиялық зерттеу, резонанстық томография және компьютерлік томография өткізілетін болады.
Көп қолданылатын диагностикалық әдістерге зертханалық зерттеу – қанды жалпы талдау, қанды жыныс жолдарымен берілетін инфекциялардың болуына талдау, ұрық сұйықтығын, бакпосевті талдау, простатадан бөлінетін заттарды талдау және басқасы жатқызылады.
ҰҒМО өзінің келушілеріне максималды қолайлы қызмет көрсетеді: келген күні несеп-жыныстық органдарын толық зерттеу.
Урологиялық ауруларды емдеу .
ҰҒМО-да мол жұмыс тәжірибесі бар жоғары санатты урологтар жұмыс істейді, олар барлық мүмкін урологиялық ауруларды емдейді.
Орталық дәрігерлері урологиялық ауруларды консервативтік және жедел емдеуде заманауи әдістерін пайдаланады. Үздік нәтижелерді физиотерапиялық әдістер (лазерлік және ультра дыбыстық терапия) көрсетеді. Кешенді емдеуде әртүрлі физиотерапиялық процедураларды (дәрі-дәрмекпен емдеуге қосымша) қолдану сырқатпен тиімді күресуге мүмкіндік береді, толық сауығуға кепілдік береді, емдеу мерзімдерін азайтады, сондай-ақ рецидив мүмкіндігін минимумға әкеледі.
Бірнеше урологиялық ауруларды емдеудің оптималды әдісі – хирургиялық операция болып табылады. Ауруларды хирургиялық емдеу, олардың күрделілігі мен ауқымдылығына байланысты ҰҒМО-ның стационарлық, сондай-ақ амбулаторлық жағдайларында жүргізілуі мүмкін.
Урологиялық ауруларды хирургиялық емдеу
ҰҒМО-да жоғары деңгейде үздік нәтижені қамтамасыз ететін мынадай проблемаларды хирургиялық емдеу жүзеге асырылады:
- простата аденомасы;
- гидроцеле;
- варикоцеле;
- фимоз;
- френулотомия;
- папилломалар мен кондиломалар.
Сонымен қатар біздің мамандар жоғары кәсіптілікпен парафимоз кезінде де операцияларды өткізеді, сыртқы жыныс мүшелерін реконструкциялау мен эстетикалық хирургиялауды жүзеге асырады, несеп-жыныстық жүйе органдарының әртүрлі жарақатын емдейді.
Кез келген проблемаларды жою және ауруларды емдеу сызбасы олардың этиологиясы мен локализациясына қарамастан, ҰҒМО дәрігерлері жеке тәртіпте айқындайды. Кез келген жағдай бірегей, сондықтан барлық кезеңдердегі осындай ғана тәсіл (диагностика, емдеудің тиімді сызбасын құру, бақылау) үздік нәтиже береді. Біздің дәрігерлердің мамандықтары бойынша жоғары біліктілігі, жұмыс тәжірибесі бар және олар күрделі тапсырмаларды шешуге дайын.
Урологқа қабылдауға сайттағы онлайн-нысан және +7 7172 57 78 23 телефонына қоңырау шалу арқылы қабылдауға жазылуға болады
Қосымша ақпарат алу үшін және урологқа қабылдауға 8 7172 57 74 40 телефоны бойынша жазыла аласыз
Мухамедиярова Жанар Досмадияровна
Отдел урологии. Хочу поблагодарить врача -уролога, андролога Еркебулана Ермагамбетова за проведенную цистоскопию, очень аккуратно снял мне стенты, все показал и объяснил. Очень внимательный и профессиональный врач.
Голян Анжелика Ивановна
Огромное спасибо от всей души говорю врачу, руководителю урологического отдела – Ерболу Амангельдиновичу Искакову! Примите слова искренней благодарности за проведение операции по удалению почки, за спасений моей жизни. Спасибо за Ваше внимание, честность и открытость! Вы превосходный врач, лучший специалист и просто хороший человек, к каждому пациенту относитесь как к родному, Вы восхищаете своей самоотдачей любимому делу! Пусть Вам всегда улыбается удача, будьте здоровы и счастливы. Пусть Ваш благородный труд, будет признан и награждён. Всех благ!
Поздравляю Вас с профессиональным праздником днём медицинского работника!
Гакштетер Надежда Ивановна
24 сентября мне была проведена операция по удалению почки в отделе урологии АО “ННМЦ “. Выражаю благодарность всему медицинскому персоналу отдела урологии, которым руководит Искаков Ербол Амангельдинович-врач-уролог высшей категории,за внимательное и чуткое отношение к пациентам, проффессинализм высокого уровня. В отделе работают врачи от Бога с чуткими сердцами и золотыми руками. Искаков Ербол Амангельдинович,несмотря на свою загруженность, всегда находит время, чтобы поговорить с каждым из больных, ответить на все интересующие вопросы и оказать моральную поддержку,В отделе всегда чисто и уютно.Хорошее питание-пища всегда свежая,вкусная и разнообразная.Желаю всем успехов и всех благ.