🌹ҰҒМО-да Халықаралық әйелдер күні аталып өтті

11.03.2019 11:53
53080056_2309261159093579_3041307500969197568_o

Орталықтың ер-жігіттері әйелдер қауымына мерекелік көңіл күй сыйлады. Таңертеңнен бастап орталықтың кіреберісіне баннер орнатып, холл түрлі-түсті шарларға толды. Кейін барлық нәзік жандар концерттік бағдарлманы тамашалауға шақырылды.

53399795_2309261102426918_4266124086641426432_o
«Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы Абай Байгенжин орталықта еңбек етіп жүрген барлық әйелдерге ризашылығын білдірді. Ол бүгінгі күні орталықта 800-ден аса әйел жұмыс істейтінін атап өтіп, олардың әрқайсысы оның дамуына зор үлес қосып жатқанын тілге тиек етті.

53224112_2309261892426839_7547230005567160320_o
Сонымен қатар, адал жар, мейірімді аналар мен апа-қарындастарды 8 наурыз мерекесімен басқарма төрағасының медициналық қызмет және ғылым жөніндегі орынбасары Темірлан Кәрібаев құттықтады. Осындай атаулы күні ҰҒМО-да еңбек етіп жүрген көпбалалы аналар да марапатқа ие болды. Орталықтың бар ер азаматтары атынан оларға естелік сыйлықтар табысталды.
Концерт «Салтанат» би ансамбілінің тамаша билерімен жалғасты. Меркенің көркін апалы-сіңілі Алтынбековалар келтірді. Қыздар көрермендерге «Аққу арман» әнін сыйлады.

53668484_2309261332426895_2609287916169461760_o

Қазақстанның брша нәзік жандарын көктемнің керемет мерекесімен құттықтаймыз! Гүлдей құлпырып жүре беріңіздер!

КЕРІ ҚАЙТУ