Гепатолог

Гепатолог – әртүрлі генезді және ауырлық дәрежесіндегі бауыр мен өт шығаратын жолдарды диагностикалау және емдеуде маманданатын дәрігер. Тұрақты стресс, зиянды әдеттер, жаман экология және өзге де агрессивті факторлар бауыр жұмысына жағымсыз әсер етеді. Аурудың созылмалы формаға ауысуының және күрделі асқынулар дамуының алдын алуға уақытылы диагностика мен емдеу мүмкіндік береді.

МАҢЫЗДЫ:

  • Бауырда жүйке ұштарының шеттері жоқ, сондықтан ол ауыру сигналдарын танытпайды!
  • Бауыр – қайта қалпына келтіруге қабілетті бірегей орган, сондықтан емдеудің дұрыс сызбасы кезінде ол өзінің қызметін толық қалпына келтіре алады.
  • Адам әрқашан қаныққан майларды құрайтын малдың етінен шыққан өнімдерді тұтыну кезінде өзінің бауырын қаншалықты қауіпке ұшырататынын ойланбайды. Бауырдың майлық ауруы байқалмай дамиды. Гепатоциттерде толып қалған артық май бауырдың бұзылуына және ауыр зақымдануына, тіпті цирроздың дамуына дейін алып келеді.
  • Бауырдың барлық аурулары ішінде гепатит көшбасшы орындарда. Оның дамуын: вирустар, өз антиденелері, токсиндер, кез келген инфекция қоздыруы мүмкін. Гепатиттің қауіптілігі – ол бастапқы кезеңде өзін байқатпайды, ал С гепатиті жұқтырылғаннан кейін 10-15 жылдан соң хал-жағдайдың нашарлауымен байқалуы тиіс.

Гепатологқа қандай белгілермен барған дұрыс

  • ауырлық сезім, оң жақтағы қабырға астының сыздауы мен жайсыздық;
  • тәбеттің бұзылуы, ауызда тұрақты күйік дәмі, жиі қыжыл, жүрек айну, құсу;
  • кез келген ащы және майлы тағамды, алкогольді пайдаланғаннан кейін жалпы жағдайдың нашарлауы;
  • кал мен несеп түсінің өзгеруі (сұрғылт-ақ, ақ дәрет және күңгірт несеп);
  • қышумен ілесетін тері безеулері;
  • көз ақуыздарының, шырышты және терінің үстіңгі қабатының сарғаюы.

Гепатологтың қызметтері

Біздің Орталықта әртүрлі этиологиядағы және ауырлық дәрежесіндегі бауыр мен өт шығарушы жолдары ауруларын кешенді диагностикалау және емдеу жүргізіледі. Бізде гепатология саласында терең ғылыми білімі және бірегей жұмыс тәжірибесі бар жоғары біліктілікті медицина ғылымдарының докторлары-дәрігерлер жұмыс істейді.

Гепатологқа қабылдауға жазылу қалай жүргізіледі

Гепатологтың консультациясы — бұл бауыр мен өт шығарушы жолдары ауруларының шығу қаупі және олардың алдын алу әдістері туралы білу мүмкіндігі.

Маманда қабылдау:

  • анамнезді жинауды;
  • тексеруді;
  • зерттеу нәтижелерін зерделеуді;
  • диагноз қоюды;
  • емдеудің жеке бағдарламасын әзірлеуді;
  • сауықтыру бағдарламасын таңдауды қамтиды.

Сіз қойылған диагноз және белгіленген емдеу бойынша толық түсіндіру аласыз. Тексеру нәтижелері бойынша маман қосымша зерттеулер өткізуді белгілеуі мүмкін. Сондай-ақ дәрігер тамақтануды қалыпқа келтіруге және өмір сүру салтын өзгертуге қатысты ұсыныстар береді және жеке емдеу диетасын таңдап береді (егер оған қажеттілік болса).

Гепатолог қандай ауруларды емдейді

  • бауырдың майлық ауруын;
  • гепатитті (вирустық, бактериялық, аутоиммунді, арнайы еместерді және т.б.);
  • бауыр циррозын;
  • өт-тас ауруын;
  • бауырдың алкогольмен зақымдануын;
  • холециститті;
  • қатерсіз гипербилирубинемияны (Жильбер ауруын);
  • холангитті;
  • алкогольді емес этиология стеатогепатитін.

Диагностикалау әдістері

  • зертханалық диагностика — клиникалық, қанды, несепті, калды биохимиялық және бактериологиялық талдаулар, қанды серологиялық зерттеу;
  • ПЦР-диагностика;
  • гормональды зерттеулер;
  • құрсақ қуысы органдарын УДЗ, КТ, МРТ;
  • эзофагоскопияны;
  • биопсия (ісік процесіне күдік болғанда).

Кешенді диагностика жалғыз дұрыс диагнозды жедел қоюға және ауруды емдеудің нәтижелі сызбасын таңдауға мүмкіндік береді.

Гепатологқа қабылдауға қалай жазылуға болады

Гепатологқа қабылдауға сайттағы онлайн-нысан арқылы немесе  +7 7172 57 74 40, +7 702 094 77 71 телефоныдарға хабарласу арқылы жазылуға болады

whatsapp

Біздің дәрігерлер

Барлық дәрігерлер

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылайхана 42

Телефон

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Прейскурант

Науқастарға/Пациентам