ДҮНИЕДЕ ЕҢ ҚАЖЕТТІ МАМАНДЫҚ БАР ЕКЕНІ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ

ДҮНИЕДЕ ЕҢ ҚАЖЕТТІ МАМАНДЫҚ БАР ЕКЕНІ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ

Мен "Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың" ұжымына,  Басқарма төрағасы Байгенжин А.К. мырзаға алғысымды білдіргім келеді. Бұл тамаша ұжыммен мен алғаш рет 2021 жылы, кейін 2023 жылы тағы  да жолықтым.

Тағдырдың жазуымен 2025 жылдың наурыз айында жұбайым сырқаттанып, жүрегіне ота жасау қажет болды. Бұл жолы біз таңдау жасаған жоқпыз, бірден "ҰҒМО"-ға жүгіндік. Хирургтар Ерпашов А.П. және Төлегенұлы А. ота сәтті өткізіп, жоғары деңгейде жұмыс атқарды. Біз отаға қатысқан барлық мамандарға шын жүректен алғыс айтып, бас иеміз.

Жүрекке жасалған отадан кейін, мамыр айында жұбайым урология бөліміне түсті. Бұл жолы да таңдауымыз ҰҒМО болды. Операция Искаков Е.А. жетекшілігімен, Омарбаев Р.Т. орындауымен жоғары деңгейде өтті.

 Бұл - орталықтың кәсіби біліктілігінің дәлелі.

Әрине, сапалы анестезия мен ауырсынуды басқару - кез келген операцияның ажырамас бөлігі. Анестезиолог-реаниматологтар Смаилов М.Б. мен Турдалиев Е.А.-ға бөлек алғысымызды білдіреміз.

Мен ҰҒМО ұжымына кәсіби шеберліктері, науқасқа деген ықыласы мен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бұл ұжымда кең жүректі, тәжірибелі, өз ісіне адал мамандар еңбек етеді. Олар әрбір науқасқа жанын салып, жылдам оңалуына шын ниетпен көмектеседі. Бұл - Құдайдың берген дәрігерлері.

Соңғы үмітті сыйлағандарыңыз үшін, бірнеше рет өмірімізді сақтап қалғандарыңыз үшін, ерен еңбектеріңіз үшін мың алғыс!

Сіздердің әрқайсыларыңызға бас иеміз.
Жасаған жақсылықтарыңыз жүз есе өздеріңізге және отбасыларыңызға қайтсын. Сіздерге темірдей мықты денсаулық, Кавказдай ұзақ ғұмыр және елімізге бейбіт көк аспан тілейміз!

Құрмет және алғысымызбен — И.И.  Петрушенко отбасынан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-13:00
Жексенбі-Демалыс күні
Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-13:00
Воскресенье-выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам