Кардиохирургия бөлімінде жүрек көлемі 9 см, 6 см және 5 см болатын қатерсіз ісікті алып тастау үшін күрделі операция жасалды. Операция миниинвазивті әдіспен жасалып, бұл тіндерге зиян келтіруді минимизациялауға және қалпына келу процесін айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік берді.
Кардиохирургтардың жоғары біліктілігі мен тәжірибесі, анестезиолог мамандар мен операциялық блог медбикелерінің арқасында операция сәтті өтті. Қазіргі таңда науқас аман-есен үйлеріне шығарылды.
Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың кардиохирургиялық бөлімшесі заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген және халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи медициналық технологияларды қолданады.
Бөлім қызметкерлері — әлемнің жетекші клиникаларында оқып, тәжірибеден өткен жоғары білікті мамандар.
Ұлттық ғылыми медициналық орталық жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуді әрі қарай дамытып, науқастардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалуды жалғастыруда.
«ҰҒМО» АҚ КАРДИОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖҮРЕКТЕГІ АЛЫП МИКСОМАНЫ СӘТТІ АЛЫП ТАСТАДЫ.
