Кәсіби мереке аясында біздің Орталықта ерекше шара - The 1st Nursing Games (спорттық эстафета) өтті. Жарысқа 7 адамнан құралған 12 команда қатысты.
Шараны Орталықтың Басқарма төрағасы Абай Байгенжин ашып, мейірбикелердің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі мен жанқиярлық еңбегі үшін алғысын білдірді.
Мейірбике қызметінің жетекшісі Мусабаева Айна Мұратқызы құттықтау сөз сөйледі: «Біздің Орталықта 350-ден астам мейірбике еңбек етеді. Олардың шебер қолдары мен мейірімді жүректері игілік жасап, кейде шын мәнінде керемет істерге себеп болады. Құрметті әріптестер, сіздердің еңбектеріңізге, кәсібиліктеріңізге, төзімдеріңізге және жанашырлықтарыңызға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, күш-қуат, рухани тепе-теңдік пен үйлесім тілеймін».
Мереке аясында бірқатар мейірбикелерге кәсіби шеберлік танытқандары үшін марапатталды.
Ойындар 12 тақырыптық бекеттен тұрды, онда қатысушылар білімін, тәжірибелік дағдыларын, шапшаңдығын және командалық жұмысын көрсетті.
Жалпы ұпай саны бойынша жеңімпаздар анықталд. Нәтижесінде:
1 орын - Үш ноян мен түнгі патшайым (Жалпы және торакалдық хирургия бөлімі)
2 орын - Элита (Ота жасау блогы)
3 орын - Пульс (Катетеризация зертханасы)
Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Адамдарға аса қажетті әрі жауапты мамандыққа арнаған еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз.
Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз - біздің медицинаның жүрегі
The 1st Nursing Games қатысушыларына белсенділіктері, командалық рухтары және жарқын эмоциялары үшін алғыс білдіреміз.