ШАБЫТ СЫЙЛАҒАН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ

ШАБЫТ СЫЙЛАҒАН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ

Бұл демалыс күндері терапия бөлімшесі үшін ерекше маңызға ие болды. Бірнеше әріптестеріміз бен резиденттеріміз ірі ғылыми іс-шараларға қатысып, біздің команданы лайықты түрде таныстырды!

 Талантты эндокринологтарымыз Мұхамбетова Нағима мен Қонырова Салтанат VI Халықаралық «Эндокринологияның өзекті мәселелері. Клиникалық тәжірибедегі инновациялар» конференциясына қатысты. Нағима баяндамасымен шығып, халықаралық деңгейде өз тәжірибесімен бөлісті.

Бөлімшеміздің гастроэнтерологтар тобы - Наурызбаева А.Н., Досатаева Гүлмира, Аманбаева Дана және Аскарова Айгүл - Ішек ауруларына арналған Ұлттық форумда баяндамалар жасады.

 Пульмонолог Аминова Айжан Пульмонолог күніне арналған конференцияға қатысты - бұл кәсіби мақтаныштың бір себебі!

№2 ішкі аурулар кафедрасының және Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың резиденттері - Тлеубердиева Альфия мен Саурыкова Адина жас ғалымдар байқауында III орынды иеленді. Бұл – барлығымыздың жеңісіміз!

 Ал ревматолог Шуюмбаева Анар денсаулық - тек ғылым емес, қозғалыс екенін еске салды. Ол Salomon Speed Race қалалық жүгіру жарысына қатысып, команданы спорттық жағынан таныстырды.

Әріптестерімізді белсенді қатысқаны, әсерлі баяндамалары және жетістіктерімен құттықтаймыз!

Сіздер - біздің мақтанышымыз!

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-13:00
Жексенбі-Демалыс күні
Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-13:00
Воскресенье-выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам