Ғылыми жоба «Эректильді дисфункцияның органикалық түрлерінде мезенхималық дің жасушаларын қолданудың клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау» (ИРН AP23488303)
Жобаның мақсаты: эректильді дисфункцияның органикалық формаларында еркек жыныс мүшесіне дің жасушаларын иньекциялық терапия әдістерінің тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.
Зерттеу түрі: көп орталықты, ашық.
Зерттеу дизайны: case-control study.
Зерттеуге эректильді дисфункцияның (ЭД )органикалық түрімен ауыратын науқастардың төрт тобы кіреді:
1) Сүйек кемігінің мезенхималық аутологиялық дің жасушаларын қуысішілік инъекциялау қабылдайтын ЭД органикалық түрімен ауыратын науқастар (n=20)
2) Май тінінің мезенхимальды аутологиялық стромалық жасушаларын қуысішілік инъекциялау қабылдайтын ЭД органикалық түрімен ауыратын науқастар (n=20)
3) Тромбоциттерге бай аутологиялық плазманы қуысішілік инъекциялауды арқылы ем қабылдайтын эректильді дисфункцияның органикалық түрімен ауыратын науқастар(n=20)
4) Төмен қарқынды радиалды соққылы толқынды терапия (СТT) курсымен толықтырылған консервативті ем қабылдайтын эректильді дисфункцияның органикалық түрімен ауыратын науқастар(n=20)
Зерттелетін топтардың пациенттері: бірінші қатардағы терапия препараттарына (5-типті фосфодиэстеразаның тежегіштері) төзімді және дәрілік препараттарды қуысішілік фармакологиялық инъекциялар тиімсіз болған немесе төзімсіздік реакциялары байқалған эректильді дисфункцияның органикалық түрі диагнозы қойылған және расталған 18 бен 70 жас аралығындағы ер адамдар.
Алып тастау критерийлері:
- 18 жасқа томаған;
- қанның ұю жүйесінің бұзылуы;
- ауыр қатар жүретін патологиялар (эндокриндік жүйенің декомпенсацияланған аурулары, қант диабетінің декомпенсацияланған түрлері, жүрек-тамыр жүйесінің күрделі аурулары)
- эректильді дисфункцияның бейорганикалық себептері (психогенді, эндокриндік)
- дәрілік эректильді дисфункциясы бар емделушілер.
- еркек жыныс мүшесінің эндопротезі орнатылған науқастар.
- жыныс мүшесі анатомиялық деформацияланған (Пейрони ауруы немесе жыныс мүшесінің туа біткен қисаюы) немесе анамнезінде қуысты денелердің склерозына әкелетін приапизмі бар емделушілер.
- эректильді дисфункцияға, ерте эякуляцияға қарсы жыныс мүшесіне жасалған алдыңғы операциялар
Күтілетін нәтижелер: Бұл жоба Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр, онда эректильді дисфункцияның органикалық түрлерін сүйек кемігінің мезенхималық аутологиялық дің жасушаларын қуысішілік енгізумен, май тінінің мезенхималық аутологиялық стромалық жасушаларын қуысішілік енгізумен, тромбоциттерге бай аутологиялық плазманы қуысішілік енгізумен емделетін және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамалары бойынша төмен қарқынды радиалды соққылы толқынды терапия (СТT) курсымен толықтырылған консервативті ем қабылдайтын бақылау тобының пациенттерімен салыстырғанда емдеудің тиімділігіне салыстырмалы бағалау жүргізіледі. Бұл зерттеу әсер етудің спецификалық және бейспецификалық механизмдерін зерттеуге, сондай-ақ сүйек кемігінің дің жасушалары мен май тінінің дің жасушаларын трансплантациялаудың ерте және ұзақ мерзімді салдарын бақылауға мүмкіндік береді.
Жоба жетекшісі: Асқаров Манарбек Бапұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, АҚ Ұлттық ғылыми медициналық орталық Іргелі және қолданбалы медицина институтының директоры
Жобаның бірлескен жетекшісі: Ысқақов Ербол Амангелдіұлы PhD, «ҰҒМО» АҚ урология бөлімінің басшысы
Жобаны орындаушылар (уақытша ғылыми ұжым мүшелері):
Нугуманов Ринат Муратханович м.ғ.к, врач уролог-андролог
Омарбаев Рустам Токенович, медицина магистрі, дәрігер уролог-андролог
Сущенко Алексей Федорович, PhD, дәрігер уролог-андролог
Ермаганбетов Еркебулан Мешитбаевич, дәрігер уролог-андролог
Тургунбаев Тимур Нурсултанович, дәрігер уролог отдела урологии
Ганина Анастасия Михайловна, биотехнолог маманы.
- Ахаева Айжан Абдисадиковна, PhD, биотехнолог маманы
Пайзуллаева Сауле Нургалиевна, ғылыми менеджер
Шульга Людмила Михайловна, экономист
Зерттеу кезеңі: 2024-2026 жж..
Қаржыландыру: ҚР ЖБҒМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыруы
Жоба бойынша жарияланымдар: негізгі жарияланымдар 2025-2026 жылдарға жоспарланған
2024 жылдың тамыз айында әдеби шолу нәтижелері Бойынша мақала International braz j urol: Бразилия Урология Қоғамының ресми журналы, Scopus базасында индекстелген және "Хирургия" санатында 2-ші квартиль және 74-ші процентильге ие журналында жарияланды: Iskakov Y, Omarbayev R, Nugumanov R, Turgunbayev T, Yermaganbetov Y. Treatment of erectile dysfunction by intracavernosal administration of mesenchymal stem cells in patients with diabetes mellitus. International braz j urol : official journal of the Brazilian Society of Urology, 2024, 50(4):386-397. DOI: 10.1590/S1677-5538.IBJU.2024.0100.
Зерттеудің аралық нәтижелері бойынша «Efficacy and safety of intracavernous administration of platelet-rich plasma in the treatment of erectile dysfunction in kazakh population: results of a six-month follow-up Rinat Nugumanov, Yerbol Iskakov, Rustam Omarbayev, Yerkebulan Yermaganbetov, Timur Turgunbayev, Damir Akhmetkaliyev, Alexei Suchshenko, and Abai Baigenzhin тезис дайындалды
Бұл тезисті жобаның бірлескен жетекшісі Е.А. Искаковпен Singapore International Symposium симпозиумда баяндалды (Сингапур, 11.12-13.12.2024г.).