Орталықта Қытай Халық Республикасының делегациясымен стратегиялық кездесу өтіп, оның қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат онкологиялық аурулардың алдын алу, диагностикасы және емі саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды, тәжірибе алмасуды, сондай-ақ мамандарға арналған тағылымдамаларды ұйымдастыруды көздейді.
Делегация құрамына Шаньдун медициналық онкологиялық орталығының, Шыңжаң медициналық университетінің және оның онкологиялық госпиталінің басшылары, сондай-ақ бас және мойын ісіктері, радиациялық онкология, ядролық медицина, трансплантация, биобанкинг және медициналық жасанды интеллект салаларының өкілдері кірді.
«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ Басқарма төрағасы Абай Байгенжин мұндай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстанда онкология саласына заманауи тәсілдерді енгізуге жол ашатынын атап өтті.
«ҮМІТ» Халықаралық онкологиялық томотерапия орталығының директоры Ержан Шаяхметов та бұл іс-шаралар тәжірибе алмасуға және маңызды медициналық бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер туғызатынын айтты.