Инсульт – бұл ми қанайналымының күрт бұзылуымен сипатталатын өте қауіпті аурулардың бірі. Ол мидың белгілі бір аймағына қан келмеу немесе қан тамырының жарылуы салдарынан ми жасушаларының зақымдануы немесе өлуімен көрініс береді.
Инсульт – бұл миға қанның жеткізілмеуі немесе қан кету салдарынан жүйке жасушаларының зақымдануына әкелетін тез дамитын патологиялық жағдай.
Оның салдарынан ми қызметі бұзылып, өмір сапасы айтарлықтай төмендейді.
⚠️ Инсульттің негізгі қауіп факторлары:
жоғары қан қысымы (гипертония);
🔹қант диабеті;
🔹қандағы холестерин деңгейінің жоғары болуы;
семіздік;
🔹төмен физикалық белсенділік;
🔹шылым шегу және алкогольді шамадан тыс пайдалану.
🩺 Алдын алу шаралары
Инсульттің алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі – теңгерімді және пайдалы тамақтану. Ағзаға қажетті макро- және микроэлементтерді жеткілікті қабылдау, сондай-ақ рафинадталған және майлы тағамдарды азайту инсульт қаупін едәуір төмендетеді.
Профилактикалық шаралар мен халықтың хабардарлығын арттыру – әлем бойынша инсультке шалдығу деңгейін төмендетудің негізгі жолы.