Онлайн-кеңес

ҰҒМО онкология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Ұлттық ғылыми медициналық орталықта Францияның жетекші медициналық мекемелерінің бірі — Hôpital Foch госпиталімен ынтымақтастық орнату перспективаларына арналған жұмыс кездесуі өтті.
ҰҒМО онкология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Кездесудің негізгі тақырыбы онкология саласындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізу, сондай-ақ медицина мамандарын халықаралық деңгейде оқыту мүмкіндіктерін кеңейту болды.
Кездесу барысында тараптар Hôpital Foch госпиталінің хирургиялық және клиникалық онкология, онкологиялық бейнелеу диагностикасы және молекулалық диагностика бағыттары бойынша дәрігерлердің клиникалық тағылымдамадан өтуін, тәжірибелік оқытуды және біліктілігін арттыруды көздейтін білім беру бағдарламаларын қарастырды.Онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдеріне, оның ішінде таргеттік және иммунотерапияға, дербестендірілген медицинаға, сондай-ақ мамандардың мультидисциплинарлық консилиумдарға (MDT) қатысуына ерекше назар аударылды.Сонымен қатар тараптар клиникалық тәжірибе алмасу, бірлескен білім беру іс-шараларын өткізу және ғылыми-практикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Халықаралық ынтымақтастық пен кәсіби тәжірибе алмасу озық медициналық технологияларды енгізуге, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және Қазақстандағы онкологиялық көмектің сапасын жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-14:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-14:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам