Осы күні, 1895 жылы, неміс физигі Вильгельм Конрад Рентген рентген сәулесін ашқан. Бұл ашылу медицинада нағыз серпіліс болып, көптеген аурулар мен жарақаттарды диагностикалауға мүмкіндік берді.
Рентгенолог – маңызды дәрігерлік мамандық. Мұнда заманауи технологиялар мамандардың біліктілігі мен тәжірибесімен тығыз байланысты, себебі дұрыс диагноз қою кез келген емнің тиімділігін анықтайды, ал бұл пациенттің денсаулығы мен өміріне тікелей әсер етеді. Рентгенолог тек суретке түсіріп қана қоймай, оны талдап, оқып, өзінің қорытындысын жасайды, онда диагноз немесе патологиялық өзгерістердің түрі көрсетіледі.
«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ рентгенолог дәрігерлерді және сәулелік диагностика саласының барлық мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтайды!
«ҰҒМО» АҚ сәулелік диагностика бөлімі әлемдік стандарттарға сай ең заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Жоғары білікті мамандар әртүрлі заманауи диагностикалық әдістерді меңгерген және бай тәжірибеге ие. Біздің клиникамызда сіз кешенді тексеруден өтіп, мүмкіндігінше толық және нақты диагностикалық қорытынды ала аласыз.