ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА ТІЗЕ БУЫНЫНЫҢ ГОНАРТРОЗЫНА ЭМБОЛИЗАЦИЯ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ЕКІ КҮНДІК ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА ТІЗЕ БУЫНЫНЫҢ ГОНАРТРОЗЫНА ЭМБОЛИЗАЦИЯ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ЕКІ КҮНДІК ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

Ұлттық ғылыми медициналық орталықта (ҰҒМЦ) тізе буынының гонартрозын емдеуде артерияларды эмболизациялау (АЭӘ) әдісін қолдануға арналған екі күндік шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

 Гонартроз (остеоартроз немесе тізе буынының деформациялық артрозы) –  бұл буын шеміршегі біртіндеп бұзылатын дегенеративті ауру. Ол тізе буынындағы ауырсынуға, қозғалыстың шектелуіне және қатаюына, ал асқынған жағдайларда – буынның деформациясы мен мүгедектікке алып келеді.

Бұл әдісі ауырсынуды азайтып, буынның функционалдығын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа, минималды инвазивті процедура. Әдістің мәні остеоартритпен байланысты қабыну ошағын қоректендіретін патологиялық қан ағымын бөгеп тастауға негізделген. Белгілі болғандай, созылмалы синовит – ауырсыну синдромының және артроздың үдеуі негізгі себебі.

Тізе артерияларының эмболизациясы келесі санаттағы науқастарға ұсынылады:

 ✅ консервативті емге жауап бермейтіндерге,

 ✅ хирургиялық араласуға қарсы көрсетілімдері барларға,

 ✅ эндопротездеуге әлі дайын емес науқастарға,

 ✅ сондай-ақ буын ауыстырудан кейінгі кезеңде, егер ауырсыну мен қабыну сақталса.

 Шеберлік сабақ барысында барлығы жалпы  7  эмболизация жасалды:

 ✅ 3-дәрежелі гонартрозы бар 4 науқасқа,

 ✅ эндопротездеуден кейінгі 3 науқасқа.

 Ерекше атап өтерлігі, Қазақстанда алғаш рет тізе артерияларының эмболизациясы буын эндопротезін орнатқаннан кейінгі науқастарға жасалды. Бұл елімізде буын патологиясын емдеудің аз инвазивті әдістерін дамытудағы маңызды қадам болып саналады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-17:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-17:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам