Орталықта дәрігер-резиденттерді даярлау Қазақстан Республикасы өңірлерінің қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде, сондай-ақ сұранысқа ие мамандықтар бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады:
🔹 «Кардиология (ересектер, балалар)»;
🔹 «Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)»;
🔹 «Кардиохирургия (ересектер, балалар)»;
🔹 «Жалпы хирургия»;
🔹 «Урология және андрология (ересектер, балалар)»;
🔹 2025 жылдан бастап — «Гастроэнтерология (ересектер, балалар)» білім беру бағдарламасы.
2010 жылдан бері ҰҒМО-да 237 дәрігер-резидент даярланды.
Бүгінде ҰҒМО резидентурасында білім алып жатқан болашақ мамандар еліміздегі жетекші көпсалалы ғылыми-клиникалық орталықтардың бірінің базасында кәсіби даярлықтан өтуде. Білім беру үдерісі диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын меңгеруді, жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істеуді және тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен күрделі клиникалық жағдайларды жүргізуді қамтиды.
Резидентураны сәтті аяқтаған түлектерімізді құттықтаймыз! Алған білімдеріңіз бен жинақтаған тәжірибелеріңіз кәсіби жетістіктерге бастасын. Дәрігерлік жолдарыңыз абыройлы болып, еңбектеріңіз халық денсаулығын нығайтуға және отандық медицинаның дамуына үлес қоса берсін!✨
«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ жоғары білікті медициналық кадрларды даярлау жүйесін дамытуды жалғастыруда
Орталықта дәрігер-резиденттерді даярлау Қазақстан Республикасы өңірлерінің қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде, сондай-ақ сұранысқа ие мамандықтар бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады: