✔️ Дәрігер бауыр ауруына күдік келтірген, бірақ нақты себебін басқа әдістермен анықтау мүмкін болмаған жағдайда
✔️ Бауыр ауруының ауырлық дәрежесін бағалау үшін
✔️ Бауыр трансплантациясынан кейінгі жағдайды бақылау үшін
Процедура қалай жүргізіледі?
✔️ Көбінесе тері арқылы (чрескожды) биопсия жасалады — тері арқылы жіңішке ине енгізіліп, бауыр тінінің кішкентай үлгісі алынады
✔️ Пациент әдетте бірнеше сағаттан кейін немесе келесі күні үйіне қайтып кете алады
✔️ Сондай-ақ басқа әдістер де бар:
— мойын венасы арқылы (трансюгулярлы биопсия)
— құрсақ қуысындағы шағын тілік арқылы (лапароскопиялық биопсия)
Бұл әдістер аздап ұзағырақ қалпына келуді талап етеді
Процедурадан кейін алынған материал гистологиялық зерттеуге жіберіледі 🔬
✨ Бауыр биопсиясы — дұрыс дайындық кезінде қауіпсіз әрі салыстырмалы түрде жеңіл процедура. Бауыр ауруларының асқыну қаупі, әдетте, процедураның өзінен туындайтын қауіптерден әлдеқайда жоғары екенін есте ұстаған жөн
📞 Жазылу және қосымша ақпарат:
📲 WhatsApp: 8‒702‒094‒77‒73
☎️ Call-орталық: 8 (7172) 57‒74‒40 | 8‒708‒987‒74‒40
🏥 Астана қ., Абылай хан даңғылы, 42
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты құндылығымыз 🌱