Іс-шара онколог-маммологтарды, хирургтарды, радиологтарды, патоморфологтарды, химиотерапевтерді, генетиктерді, сәулелік терапия мамандарын және сүт безі ауруларын диагностикалау мен емдеуге қатысатын басқа да сарапшыларды біріктіреді.
Ғылыми бағдарлама аясында қатысушылар сүт безі қатерлі ісігін ерте диагностикалаудың өзекті мәселелерін, заманауи хирургиялық технологияларды, ағзаны сақтайтын және онкопластикалық хирургия мүмкіндіктерін, дәрілік және сәулелік терапияны, сондай-ақ емдеудің дербестендірілген тәсілдерін талқылайды.
Күрделі клиникалық жағдайларды талдауға және диагностикалау мен емдеудің оңтайлы тактикасын таңдаудағы мультидисциплинарлық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- сүт безі қатерлі ісігін ерте диагностикалаудың заманауи әдістері;
- ағзаны сақтайтын және онкопластикалық хирургия;
- заманауи хирургиялық технологиялар;
- дәрілік терапия;
- сәулелік терапия;
- емдеудің дербестендірілген тәсілдері;
- күрделі клиникалық жағдайларды талқылау.
Breast Cancer Meeting Astana 2026 клиникалық тәжірибе алмасуға, заманауи ғылыми деректерді талқылауға және сүт безі қатерлі ісігін диагностикалау мен емдеу саласындағы пәнаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған кәсіби алаң болмақ.
Күні: 2026 жылғы 9 қазан
Өтетін орны: Ramada by Wyndham Astana
Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 8
Конференцияға онкология, маммология, хирургия, сәулелік және аспаптық диагностика, патоморфология, дәрілік және сәулелік терапия, генетика және сабақтас бағыттардың мамандары шақырылады.
Конференцияға тіркелу:
https://kz-oncoconf.org/breast-cancer-meeting-astana-2026/