DIGESTIVE SYNERGY 2026: Астанада асқазан-ішек жолы ауруларына арналған халықаралық конференция өтеді
2026 жылғы 24–26 қыркүйек күндері Астанада Digestive Synergy 2026 ғылыми-практикалық іс-шарасы өтуде. Конференция гастроэнтерология, хирургия, колопроктология, эндоскопия, онкология және басқа да сабақтас медициналық бағыттардың мамандарын біріктіреді.
Конференция аясында қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылар асқазан-ішек жолы ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін, хирургиялық тактиканың өзекті мәселелерін және жаңа медициналық технологияларды клиникалық тәжірибеге енгізу мүмкіндіктерін талқылауда.
24 қыркүйекте «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ базасында ішектің қабыну ауруы бар пациентке илеоанальді резервуарлық анастомоз қалыптастыру арқылы лапароскопиялық колопроктэктомия жасау бойынша шеберлік сабағы өтті.
Шеберлік сабағына А.Н. Рыжих атындағы Ұлттық колопроктология медициналық зерттеу орталығының колоректалдық хирургия бөлімінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы Армен Восканович Варданян қатысты.
Практикалық формат мамандарға күрделі хирургиялық араласудың негізгі кезеңдерімен тікелей танысуға, операцияның техникалық ерекшеліктерін, хирургиялық тактиканы таңдау мәселелерін және ішектің қабыну аурулары бар пациенттерді емдеудің заманауи тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді.
25–26 қыркүйекте Digestive Synergy 2026 конференциясының негізгі ғылыми бағдарламасы жалғасады.
Конференция бағдарламасында:
- қазақстандық және халықаралық жетекші сарапшылардың баяндамалары;
- гастроэнтерология, хирургия және колопроктологияның өзекті мәселелеріне арналған ғылыми және клиникалық сессиялар;
- клиникалық жағдайларды талдау және кәсіби пікірталастар;
- заманауи хирургиялық және эндоскопиялық технологияларды көрсетуге арналған шеберлік сабақтары;
- постерлік сессия және жас мамандарға өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсыну мүмкіндігі қарастырылған.
Digestive Synergy 2026 мамандар арасында клиникалық тәжірибе алмасуға, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін талқылауға және әртүрлі медициналық бағыттар арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға арналған алаң болып табылады.
Негізгі бағдарлама күндері: 25–26 қыркүйек 2026 жыл
Өтетін орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, 32-блок, Ónergy креативті хабы
Форматы: офлайн және онлайн қатысу
Тіркелу және конференцияның толық бағдарламасы:
digestivesynergy.kz