ҰҒМО РЕВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРЛЕРІ – ЖАПОНИЯДАҒЫ 27-ШІ APLAR КОНГРЕСІНДЕ

ҰҒМО РЕВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРЛЕРІ – ЖАПОНИЯДАҒЫ 27-ШІ APLAR КОНГРЕСІНДЕ

2025 жылғы 3–7 қыркүйек аралығында Жапонияның Фукуока қаласында APLAR – Asia Pacific League of Associations for Rheumatology 27-ші конгресі өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған мамандарды жинады.

Біздің ревматолог-дәрігерлер Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың атынан абыроймен қатысып, нәтижелі жұмыс көрсетті.

Салтанат Аманбекқызы Бакирова, №2 терапиялық бөлімнің ревматологы, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырған постерлік баяндама жасады. Тезистердің жариялануы 2025 жылғы қазанда International Journal of Rheumatic Diseases журналында күтілуде.

 Лина Ниязовна Зарипова, ғылыми менеджмент бөлімінің жетекшісі, жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит және жүйелі склеродермия бойынша иммуногенетикалық талдау нәтижелерін ұсынды. Ол генетика секциясында “Immunogenic analysis of systemic lupus erythematosus in Kazakhstani population” тақырыбында баяндама жасап, қызу талқылау тудырды. Қосымша екі постер де ұсынылды.

Конгресс «Go beyond with harmony» ұранымен өтіп, дәрігерлер мен ғалымдардың күш біріктіруге, тәжірибе алмасуға және жаңа емдеу жолдарын іздеуге деген ұмтылысын көрсетті.

Лина Ниязовна 6 қыркүйекте өткен Genetics Special Interest Group (SIG) кездесуіне шақырылып, жаңа кәсіби байланыстар орнатып, халықаралық ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Бұл іс-шараға 60 елден 2800-ден астам маман, соның ішінде 150-ден астам әлемдік сарапшы қатысты. Алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер мен заманауи терапия әдістері талқыланды.Маңызды қорытынды – APLAR-2029 конгресін Астанада өткізу туралы шешім, бұл Қазақстанның әлемдік ревматологияны дамытудағы рөлін мойындаудың көрінісі болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-17:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-17:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам