Ұлттық ғылыми медициналық орталық ауруларды ерте анықтауға, ағзаның жалпы жағдайын бағалауға және ауыр асқынулардың алдын алуға бағытталған CHECK-UP бағдарламаларының кең таңдауын ұсынады.
Бүгінде пациенттерге құны 100 000 теңгеден басталатын, денсаулықтың негізгі бағыттарын қамтитын және жас ерекшеліктері мен жеке қажеттіліктерді ескеретін 20-дан астам кешенді тексеру бағдарламасы қолжетімді.
CHECK-UP бағдарламаларының қатарына мыналар кіреді:
• Коронарлық патология бойынша скрининг
• КТ-ангиографиямен коронарлық патология бойынша скрининг
• Жүрек ырғағы бұзылыстарын анықтауға арналған скрининг
• Артериялық гипертензия бойынша скрининг
• Гастроэнтерологиялық Check-up
• Әйелдер денсаулығы 18+
• Әйелдер денсаулығы 40+
• Жақындарыңызға қамқорлық (әйелдер 65+)
• Жақындарыңызға қамқорлық (ерлер 65+)
• Ерлер денсаулығы 18+
• Ерлер денсаулығы 40+
• Урологиялық базалық бағдарлама
• Урологиялық кеңейтілген бағдарлама
• Урологиялық «Жастық» бағдарламасы
• Әйелдерге арналған «Сияние» бағдарламасы
• «Гормондар және Мен»
• «Қант диабеті»
• «Жүрек бақылауда» бағдарламасы
Әрбір бағдарлама нақты медициналық мақсаттарды ескере отырып әзірленген және жетекші мамандардың консультацияларын, зертханалық және аспаптық зерттеулерді, сондай-ақ сараптамалық деңгейдегі заманауи жабдықтарда жүргізілетін тексерулерді қамтиды.
Пациент қандай мүмкіндіктерге ие болады?
✅ Жеке қажеттіліктеріне сәйкес таңдалған кешенді тексеру бағдарламасы;
✅ Ауруларды ерте кезеңде анықтау мүмкіндігі;
✅ Жетекші мамандардың консультациясы және денсаулықты одан әрі бақылауға арналған ұсынымдар;
✅ Барлық тексерулерден бір медициналық орталықта өту арқылы уақытты үнемдеу;
✅ Кезексіз әрі артық алаңдаушылықсыз жайлы тексеруден өту.
Егер қай бағдарлама сізге сәйкес келетінін білмесеңіз, ҰҒМО мамандары жасыңызды, өмір салтыңызды, тұқым қуалаушылық факторларды және денсаулық жағдайыңызды ескере отырып, ең қолайлы бағдарламаны таңдауға көмектеседі.
📲 Кеңес алу:
WhatsApp: +7 702 695 2970
CHECK-UP бағдарламаларының үйлестірушісі — Надежда
🕘 Дүйсенбі–жұма: 08:00–17:00
📍 Астана қаласы, Абылай хан даңғылы, 42
ҰҒМО-дағы CHECK-UP бағдарламалары — денсаулық жағдайын 1–2 күн ішінде жан-жақты бағалауға және оны сақтауға бағытталған шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік беретін заманауи профилактикалық тәсіл.