«ҰҒМО» КАРДИОХИРУРГ ДӘРІГЕР АЛМАС ТӨЛЕГЕНҰЛЫ ЧИКАГОДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСТЕГІ АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ БАЯНДАМАСЫН ҰСЫНДЫ

«ҰҒМО» КАРДИОХИРУРГ ДӘРІГЕР АЛМАС ТӨЛЕГЕНҰЛЫ ЧИКАГОДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСТЕГІ АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ БАЯНДАМАСЫН ҰСЫНДЫ

Ұлттық ғылыми медицина орталығының кардиохирург дәрігері, жүрек институтының директоры алмас төлегенұлы Чикагода өткен AATS ANNUAL MEETING 2026 халықаралық конгресіне қатысты.

Ұлттық ғылыми медицина орталығының кардиохирург дәрігері, Жүрек институтының директоры Алмас Төлегенұлы 2–5 мамыр күндері АҚШ-тың Чикаго қаласында өткен кардиоторакальды хирургия саласындағы ең ірі халықаралық ғылыми алаңдардың бірі — AATS Annual Meeting 2026 конгресіне қатысты.

Аталған іс-шара аясында Алмас Төлегенұлы алғаш рет өзінің ғылыми жұмысын постерлік баяндама форматында ұсынды және де бұл мүмкіндікті өзінің кардиохирург әрі зерттеуші ретіндегі кәсіби дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде атап өтті.

Конгресс барысында ол әлемнің жетекші кардиохирургтарымен кездесіп, тәжірибе алмасуға, күрделі клиникалық жағдайларды талқылауға, сондай-ақ заманауи хирургиялық әдістер мен кардиохирургия саласының болашақ даму бағыттарына қатысты пікір алмасуға мүмкіндік алды.

AATS Annual Meeting 2026 оған тек жаңа ғылыми білім мен тәжірибе беріп қана қоймай, болашақ ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибеге енгізуге болатын жаңа идеялармен де толықтырды.

«Осындай жоғары деңгейдегі Халықаралық алаңда әріптестермен пікір алмасып, жаңа кәсіби байланыстар орнату — үлкен мотивация мен шабыт береді»- деп дәрігер ерекше   атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-22:00
Сенбі: 08:00-17:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-22:00
Суббота: 08:00-17:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам