ДӘРІЛІК ГЕПАТИТ: ДӘРІХАНАДАҒЫ «ЖАСЫРЫН» ҚАУІП

ДӘРІЛІК ГЕПАТИТ: ДӘРІХАНАДАҒЫ «ЖАСЫРЫН» ҚАУІП

Досжан Айнур Дүкенбайқызы, терапия бөлімінің басшысы:

Көпшілік науқастар «дәрігер жазып берсе» немесе «дәріханада рецептсіз сатылса», ол зат әбден қауіпсіз деп ойлайды. Бірақ гепатолог ретінде жиі кездесетін ащы шындық басқаша: дәрілік гепатит — бүгінде бауыр зақымдануының ең жиі себептерінің бірі.

Бауыр — ағзамыздағы басты фильтр. Біз ішкен әрбір таблетка, дәрумен немесе шөп шайы осы мүше арқылы өтіп, өңделеді. Алайда бұл «сүзгінің» де шегі бар.

 Не білуіңіз керек?

«Табиғи» деген — қауіпсіз деген сөз емес. Көбінесе адамдар шөп жиынтықтарын немесе БАД-тарды бақылаусыз ішіп, бауырын улап алады. Кейбір «арықтататын шайлар» мен детокс-өнімдер бауыр жасушаларын тікелей зақымдайды.

Парацетамол мен ауырсынуды басатын дәрілер. Тұмау кезінде бірнеше дәріні қосып ішу — бауырға жасалған нағыз «теракт». Бұл дәрілердің мөлшерден асуы бауырдың жедел жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.

Симптомсыз қауіп. Дәрілік гепатиттің айлакерлігі сол — ол ұзақ уақыт бойы ауырмайды. Тек көздің ағы сарғайып, зәрдің түсі өзгергенде ғана адамдар маманға жүгінеді. Бірақ бұл — бауырдың көмек сұрап «айғайлаған» соңғы сатысы.

 Бауырды қалай сақтаймыз?

Полипрагмазиядан қашыңыз. Бір уақытта 5–6 дәріні (әсіресе дәрігердің рұқсатынсыз) қабылдау — бауыр үшін үлкен тәуекел.

Өз бетіңізше антибиотик ішпеңіз. Антибиотиктер тек бактерияны емес, бауырдың өт жолдарын да зақымдауы мүмкін.

Тексеріліп тұрыңыз. Егер сіз созылмалы ауруларға байланысты тұрақты дәрі ішсеңіз, жылына екі рет бауыр көрсеткіштерін (АЛТ, АСТ, билирубин) бақылау — сіздің міндетіңіз.

Бауыр — өте шыдамды, бірақ «өкпелегіш» мүше. Оны артық химиямен сынамаңыз. Есіңізде болсын: ең жақсы ем — негізсіз қабылданған дәріден бас тарту.

Сіз соңғы рет бауыр анализін қашан тапсырдыңыз?

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-17:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-17:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам