ҰҒМО-да Jetstream технологиясын қолдану арқылы 12 науқасқа сәтті операция жасалды

Ұлттық ғылыми медициналық орталық Қазақстандағы жетекші медициналық ұйымдардың бірі ретінде диагностика мен емдеудің озық технологияларын тәжірибеге енгізуді жалғастыруда
ҰҒМО-да Jetstream технологиясын қолдану арқылы 12 науқасқа сәтті операция жасалды



2026 жылғы 28–29 мамыр күндері ҰҒМО базасында «Атеросклероз және диабеттік табан синдромы кезіндегі шеткергі қан тамырлары ауруларын емдеудің заманауи әдістері» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Іс-шараның шақырылған сарапшысы ретінде Ресей Федерациясының Красноярск қаласынан Сібір федералдық округінің интервенциялық радиологы Литвинюк Никита Владимирович қатысты.

Төменгі аяқ-қолдардың созылмалы ишемиясы қазіргі тамыр хирургиясындағы өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Бұл ауру көбінесе атеросклероз және қант диабетімен ауыратын егде және қарт жастағы пациенттер арасында кездеседі. Төменгі аяқ-қол артерияларының атеросклероздық зақымдануы жүрек-қан тамырлары асқынулары мен кардиоваскулярлық өлім қаупін едәуір арттыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Мастер-класс аясында төменгі аяқ-қол артерияларының окклюзиялық зақымдануы бар 12 пациентке Boston Scientific компаниясының Jetstream ротациялық атерэктомия жүйесін қолдану арқылы жоғары технологиялық операциялар сәтті орындалды.

Jetstream жүйесі – шеткергі артериялардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған заманауи құрылғы. Технология арнайы бүйірлік кескіш элементтердің көмегімен атеросклероздық түйіндерді ұсақтап, тиімді түрде алып тастауға және қан ағымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Алынған түйіндер мен тромбтардың фрагменттері катетердегі арнайы тесіктер арқылы белсенді аспирация әдісімен шығарылады.

Шеберлік сабақ теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Оған Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың мамандарымен қатар Астана қаласындағы өзге де медициналық ұйымдардың дәрігерлері қатысты. Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Осындай білім беру іс-шараларын өткізу мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, халықаралық тәжірибені меңгеруге және заманауи медициналық технологияларды Қазақстанның практикалық денсаулық сақтау жүйесіне енгізуге ықпал етеді.



Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-22:00
Сенбі: 08:00-17:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-22:00
Суббота: 08:00-17:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам