Қазақстандағы Таиланд Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Пияпин Нийомреркс Ұлттық ғылыми медицина орталығына сапар жасап, орталықтың қызметімен танысты.
Сапар барысында елші медициналық мекеменің жоғары деңгейде дамығанын атап өтіп, академиялық медициналық симпозиум аясындағы ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталып, онкология саласындағы Қазақстан мен Таиланд арасындағы серіктестіктің алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.