2–6 ақпан аралығында Ақтау қаласының тұрғындары үшін жүрек-қан тамырлары және бас-ми аурулары бойынша тегін көшпелі кеңестер өтетінін хабарлаймыз.
Консультацияны келесі мамандар жүргізеді:
🔹 Сапарбай Ержан Бақтыбайұлы – кардиохирург
🔹 Нуракаева Сәуле Серіковна – ЭхоКГ дәрігері
🔹 Закарина Динара Маратовна – кардиолог
🔹 Болотбеков Урмат Орозбекович – аритмолог
🔹 Өмірхан Сүйінбай Жомартұлы – нейрохирург
Қайда өтеді?
Ақтау қаласы, 26-шағын аудан, 57
Қабылдау күндері мен уақыты:
— 2–5 ақпан: 09:00–17:00
— 6 ақпан: 09:00–13:00
Өзіңізбен бірге алып келу қажет:
• Кардиологқа: ЭКГ, жүрек УДЗ
• Кардиохирургқа: ЭКГ, жүрек УДЗ, коронарография дискісі
• Аритмологқа: ЭКГ, жүрек УДЗ, Холтер-ЭКГ және бар медициналық құжаттар
• Нейрохирургқа: бас, мойын және омыртқа МРТ/КТ дискілері
Қабылдау тірі кезек тәртібімен жүргізіледі