Бүгін Ұлттық ғылыми медициналық орталықта 2025 жылғы түлектерге резидентураны сәтті аяқтағаны туралы ресми сертификаттар табысталды!
Биылғы түлектер келесі бес бағыт бойынша кәсіби даярлықтан өтіп, білім сапарын табысты тәмамдады:
- Анестезиология және реанимация
- Кардиология
- Кардиохирургия
- Урология және андрология
- Жалпы хирургия
Бүгін сіздер үшін тек бір оқу кезеңінің аяқталуы ғана емес – бұл нағыз кәсіби жолдың басталуы. Сіздердің артыңызда ұзақ жылдық қажырлы еңбек, үздіксіз тәжірибе, түнгі ауысымдар, күмән мен сенім, қателіктер мен жеңістер тұр. Сіздер бұл белесті абыроймен еңсердіңіздер!
Сіздердің әр күніңіз кәсібіңіздің маңызын сезінумен, қоғамға қажет екеніңізді түйсінумен және өз ісіңіз үшін мақтанышпен өтсін.
І стеріңізге адалдық пен кәсібилік, жүректеріңізге даналық пен сенім серік болғай. Алда алғыс білдірген пациенттер, сенімді әріптестер мен шабыт сыйлайтын тәлімгерлер жолықсын!
Барша түлектерімізді шын жүректен құттықтаймыз