Ұлттық ғылыми медицина орталығының атынан Балалар кардиохирургиясы бөлімшесінің қызметі туралы баяндама жасаған балалар кардиологы, функционалдық диагностика дәрігері Қуандықова Эльмира Ақмырзақызы болды.
⚡️Баяндама барысында бөлімшенің негізгі жұмыс нәтижелері, туа біткен жүрек ақауы бар балаларға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің заманауи тәсілдері, сондай-ақ диагностика, хирургиялық емдеу және операциядан кейінгі оңалту бағытындағы жетістіктер таныстырылды.
Ерекше назар балалар кардиохирургиясы қызметінің Қазақстанның барлық өңірлеріндегі балаларға қолжетімді әрі сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсетудегі рөліне және қызметті одан әрі дамыту перспективаларына аударылды.
Баяндама семинар-кеңеске қатысушылардың кәсіби қызығушылығын тудырып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде жоғары технологиялық балалар кардиохирургиясын одан әрі дамытудың маңыздылығын айқындады.
ҰҒМО-ның балалар кардиологы Эльмира Қуандықова «Салауатты өмірдің бастауы – дені сау ұрпақ» республикалық семинар-кеңесіне қатысты
Іс-шара балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау және дамыту мәселелеріне арналды әрі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылды.